X-PDF

Ғылыми жобо Ою өрнектер мектеп өмірінде

Поделиться статьей

Мазмұны:

1.Кіріспе……………………………………………………………………………….…..…………………….2

       2. Негізгі бөлім

       2.1 Ою –өрнек ұлттық құндылық………………………………………………………………4

       2.2   Қазақ оюларының сыры ……………………………………………………………………6

       2.3 Ою — өрнектің қазіргі заман талабына сай қолданылуы………………………..10

 3.Тәжірибе бөлімі

       3.1 Еліміздегі ұлттық нақыш тәрбиенің негізі……………………………………………11

       3.2 Мектеп оқушыларының ұлттық ою- өрнектерді тану деңгейін білу……… 13

4.Қорытынды…………………………………………………………………………………………………..16

5.Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі………………………………………………………………..17

6. Қосымша…………………………………………………………………………………………………….18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ұлттық  ою — өрнектер    халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамыныңкуәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи  және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыраелдермен араласып, әр кезеңде түрлі  қарым- қатынаста болғандығы мәлім.

Зерттеу мақсаты:

Халқымыздыңкөркем мұрасы ою-өрнек өнерінің мектепте қолдану аясын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

•        Ою-өрнекөнерінің шығу тарихы мен сол заманғы қоғам дамуы.

•        Ою-өрнектітұтыну қажеттілігі мен орындалу техникасы.

•        Өнердіңжаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.

•        Заманталабына сай халқымыздың ұлттық мәдениеті мен рухани мұраларын ою-өрнек өнеріарқылы ұрпақ санасына сіңіру.

Зерттеу нысаны:

Ою-өрнекөнерді тұтыну қажеттігін анықтап, жүйелеп, қазіргі мектеп өміріне енгізу.

Зерттеу пәні:ою- өрнек

Зерттеу құрылымы:

Зерттеужұмысы кіріспеден, негізгі бөлім, тәжіриебе бөлімі, қорытынды, пайдаланғанәдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің өзектілігі:

Ұлттықою-өрнектерді зерттей отырып, ата — бабаларымыздан қалған мұраны жас ұрпаққадәріптеу.

Зерттеудің жаңалығы:

Ғасырларбойы келе жатқан ою – өрнектерді ғылыми тұрғыда талдап, жаңа заман талабына саймектеп өміріне енгізу жолдарын қарастыру.

Жұмыстың орындалу әдістері:

Бүгінгітақырыпқа байланысты туындап отырған мәселеге қатысты ғылыми әдістеме көздерінтеория түрінде талдау.

Оқушылардыңою-өрнек өнеріне деген оқу танымдық шығармашылығын, іс әрекетін талдау.

Жұмыстың нәтижесі:

Ата-бабаларымыздыңжинақтап дайындаған бай тәжірибесін қолдана отырып, ою-өрнектің технологиясынтаңдап алудағы оқушының іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру.

Мектепөміріне заман талабына сай ою-өрнектердіәр түрлі тәсілдермен еңгізу жолдарын оқушыларға көрсету. Олардың  ұлттық өнергедеген көз-қарасын, қызығушылығын дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.Ою –өрнек ұлттық құндылық

«Тарихыжоқ ел тамыры жоқ ағаш секілді» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Ұлттықою-өрнекте ата-бабаларымыздың өсиеті сақталған, олардың мәнін ашу арқылы бізөзімізді тани аламыз.

Ежелгізаманнан адам өзіннің таным-түйсігін, пәлсапасын тасқа, тұрмыстық бұйымдарғабейнелей отырып, тіршіліктің мәнін, өмірдегі өз орнын іздеген. Діннің пайдаболуымен адам баласы, айналасындағы заттарға өз дінінің қағидаларын бедерлейбастады.  Қазақтың ою-өрнегі ғасырлар бойы қалыптасты және оған тәңіршілдікпәлсапа бойынша өмір сүрген ежелгі түркі халықтарының дүниетанымын түсінугедеген ұмтылыс арқау болды.

Қазақою — өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Олтарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андроновмәдениеті – б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басындаюатыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII – IIIғасыр ларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мекенеткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы  грек жәнепарсы тарихшыларының қол жазбаларында  кездеседі. Ол жазбаларда гректарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» деп, ал парсы тарихшылары «сақ» депатаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердіңнәтижесінде  анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері  дәлел бола алады.

Тарихи– ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою — өрнек өнері ежелгізамандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерініңықпал — әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйегекелгенін тануға болады.

Бұғандәлел – қазақтың алғашқы ою — өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсінмәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті. Қазақою — өрнегі – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қайқолөнер саласын алсақ та, ою — өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып,белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқаннұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыныбелгілі.

Көнетүркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердіңбелгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстыңтұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. жәнеөсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.

Ою- өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2   Қазақ оюларының сыры

   Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қайқолөнер саласын алсақ та, ою-өренктер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып,белгілі бір тәртіппен  орналасқанын байқау қиын емес. Оюлардың ертеден кележатқан нұсқаларында  элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдаптұратыны белгілі. Ал көне түркілердің түсінігі бойынша  құс – көктің, балық –судың, ағаш – жердің белгісі болған. Сол қазақ ою-өрнегінің  мақлұқаты, нәубетаты, ғарыштаты, тікесызықты, нышандық, танымдық  т. б. сарындарының мазмұнынбайыта түскені белгілі. Сондықтан ежелден келе жатқан ою-өрнектердің нұсқасынанаңды, жан-жануарлар мен құстарды жиі тұспалдап тұрғанын аңғару қиын емес.

     Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы,түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы және өсімдіктердің түрлерікеңінен бейнеленген.

      Ою-өрнек – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақұрпақтарымызға  ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, онықолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып осы өнердіқайта жаңғырту, оған жаңға мазмұн беру.

 

Изображение

1.                 2.                 3.               4.              5.              6.                         

1.«Кемпірқосақ»  ою-өрнегі бірнешетүстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердіңсимволдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштыңсимволы, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның символы, жасыл түс –жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер Изображениебұйымдарынжасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне лайықтапорналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда жиі пайдаланады.

2.«Күн» ою-өрнегі күнді тұспалдап тұратын ою. «Күн» оюы  кілемнің, тұскиіздің дәлортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектенойылған заттарды бейнелеуде қолданады.

3.«Жұлдызқұрт» ою-өрнегі ши орауда, сырмақтың шеткі жиегінде кездеседі. Ол  ақпен қарадан, қызыл мен жасылдан, көк пен сарыдан бунақталып келеді.

4.«Жұлдызгүл» ою-өрнегі бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратынгүлді тұспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, беторамалдың ортасына және сырткиімнің арқа тұсына  немесе шапанның етегінің алдыңғы  бетінің екі бұрышынасалынады.

5.«Жұлдыз». Бұл өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды, кейде жұлдыздыңнатуралдық қалпын кестелейді. Жұлдыздың бейнесі композицияланған ою-өрнектердіңортасында кездеседі және бес жұлдыздың бейнесі ап-анық көрініп тұрады.

6.«Төртайшық» ою-өрнегі айды тұспалдап тұрады. Төртайшық ою-өрнегінің әрбіртармағы төрт ай секілді жай элементтен құралған. Бұл «төртайшық» элементтеріненшексіздікке ұласатын ою-өрнектер қиюға болады.

«Қырықмүйіз»ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектіңбір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтыңағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнешеьармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, сырмақ, текемет,архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).

«Сынықмүйіз»морт сынған тік төртбұрыш жасап,  төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнеккілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалаталардыбезендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісімалдың сынған мүйізіне ұқсайды.

         «Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынанқұралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төтбұрыш»,«төртжапырақ» құрайтыною-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, ебеже, жүк-аяқ, аяққап,батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегініңортасына немесе шет бұрыштарына салынады.

          «Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үшжапырақты болып бейнеленеді. X-XI ғасырда Тараз қаласындағы моншаныңқабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.

           «Түйемойын» ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатынмүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі  бір мүйіз оюларымен  тұтаскеледі де, «түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.

Изображение  «Құсқанаты» ою-өрнегімүйіз оюымен не шахмат щақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты  тәріздесою-өрнек.

«Жіліншік»ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншек өрнегі қатарекі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар,басқұрларды безендіруге қолданады).

           «Тіс» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, ақ-қара түсті шақпақтан құралатын,шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсытүйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны«тіс», «иттіс» деп те атай береді.

          «Таңдай» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональтәрізді  өрнек. Бұл өрнек ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердіңжағасына, кимешектің жағына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектесхалықтарда кездеседі.

          «Бөрікөз» ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың  басын, құлағын, сондай-ақ«бөріқұлақ» деп аталатын жапырақты бейнелейтін ою-өрнек «бөріқұлақ» депаталады.

          «Итқұйрық» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған  құйрығына  ұқсас,көбінесе сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің)бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады. 

Изображение«Тоғызтөбе»  ою-өрнегі еңкөне оюлардың  бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар  мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғызтөбе» ою-өрнегі Айша-бибі күмбезініңкірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен,қарақалпақ қолөнерінде кездеседі. 

«Арқармүйіз»деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың бір түрі. Бұл элемент«қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы оданкөбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үйжиһаздарына кездеседі).

«Сыңармүйіз»«қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғанабейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз»  өрнеккомпозициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстықзаттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-  жарақ  т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі. Және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегінежүргізілетін өрнектің бір түрі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ою өрнектің қазіргі заман талабына сайқолданылуы

Бүгінгітаңда ою-өрнектерді сән әлеміне өзіндік қолтаңбасымен киім үлгілерінесәйкестендіріп үйлестіре безендіріп әлем подиумдарында көрсетіп ұлт мақтанышынаайналып жатқан сәнгерлерімізді мақтанышпен айтқым келеді. Мысалы: САСымбат: VIP-сән салоны 1947 жылы тігін лабораториясынан бастап,Қазақстанның сәні туылды, бүгінгі күні ол «Сымбат» Академиясына өсіп отыр. 1947жылынан бастап prêt-â-porter өніміне еліміздің әр екінші тұрғыны ие болды.Жылына екі рет сән театры жаңа үлкен орасан зор халықаралық сән Апталығындатоптамаларын көрермендерге ұсынды. 60 жыл ішінде 150000 эксклюзивті модельдері подиумдардакөрсетіліп өтті. Қазақстандағы бірінші «Сымбат» сән театры 1987 жылы қаланды.

Қазақстанныңтарихында «Сымбат» бірінші болып Қазақстан сәнін  шет елдерде, Москва, Дубайда,Вашингтонда көрсетті. Жыл сайын Қазақстанда 20 жеке көріністер, және шамаменшетелде 10 көріністер көрсетіліп тұрады. 1972 жылдан бастап 40-тан асахалықаралық көрсетілімдер фестивальдарда және 30-дан аса сән байқауларынақатысты.

Тағыда қазіргі заман талабына сай мектеп өміріне де ою-өрнектер еңгізіліп жатыр.  Ұлттықнақыштарды ескере отырып, ою-өрнектердің элементтерін әсемдеп мектепстендеріне, ішкі көрінісіне, мектеп формасында пайналануды жөн көрдім. Осыойымды алғаш рет көркем еңбек пәні мұғалімі Нургалиева Куралай Бабыровнағабілдірдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1 Еліміздегі ұлттық нақыш тәрбиеніңнегізі

«Ұлттықтәрбие» деген термин кез – келген ұлтқа байланысты айтылатын ұғым. Өйткені,қандай ұлт болса да тәрбиесін өз тілінде ұлттық тәлім тәрбие тәжірибесінебайланысты жүргізеді. Сәндік қолданбалы өнері халқымызда ұлттық тәрбиемен тікелейбайланысты. Көркем өнердің қазақ халқының ұлттық мәдениетінде алатын орны,маңызы ерекше. Тәуелсіздік алған қазақ халқының мерейі өсіп, мәртебесі биіктепкеледі. Мемлекетімізді өркениетті елге айналдыру үшін ұлттық мәдениетіміздіжаңғыртып, көркейту қажет. Ұлттық мәдениеттің ауқымы кең. Ол — ең бастысытілімізді, дінімізді, салт — дәстүрімізді, ұлттық өнерімізді дамыту.

Ежелденкеле жатқан қасиетті дәстүр, тәлім — тәрбие.  Ұлттық өнерге баулу — жасжеткіншектерді жан — жақты тәрбиелеудің негізгі құралы. Қазақстан Республикасыөркениетті елдің қатарына қосылу үшін оқушыларымызға сапалы білім, саналытәрбие беру керек. Ата — бабаларымыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттықөнерінің түрлері көп. Оларға жаңаша талдау жасау қажет. Ұрпақ тәрбиелеудеқазіргі кезде ұлттық педагогиканы негізге алу басты міндет. Ұлттық педагогика -ол халықпен бірге дамып оқушыларға ұлттық тәрбие беруде қолданып келе жатқан,қайта жаңғырған тәрбие арқауы. Ұлттық тәрбиені оқушыларға бойына қалыптастырудакөркем — өнердің маңызы ерекше. Қазіргі Тәуелсіз мемлекетіміздің туыжелбіретіп, келер ұрпағымызға еліміздің еңсесін түсірмей, оны ары қарай өрлете түсуүшін қоғамға саналы, білімді, ұлттық намысы бойында тасып тұрған қазағым,елім дейтін азаматтарды тәрбиелеу қажет.

Оғанатсалысу — аға буынның, ұстаздар мен тәрбиешілердің, отбасындағы ата -аналардың міндеті. Қолданбалы қолөнер түрлі ұлттың халықтары сияқты қазақ елінеде тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сәндікқолданбалы қолөнері тек ою — өрнек емес, олар математикалық ойдың, есептің,бұрыштық өлшемдерінің сабақтастығының қосындысы, жан — жақты тәрбие құралы. Халыққолөнерін игеру — оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқыныңтарихын біліп мәдени мұрасын қадірлеп дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.Сәндік қолөнері — халықтың мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі.Өнертаусылмас азық, жұтамас байлық — дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнеріде өзінің даналығы. Қазақ қолөнері көркемдік мол — мағынасымен халқымыздыңғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған қандай өнер, қандайқазына бар? Оның бірі — ою — өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамытубіздің міндетіміз. Ұлттық өнерді, оның ішінде сәндік – қолданбалы өнердіойдағыдай меңгерген балада ұлттық талғамның қалыптасатыны сөзсіз. Адамның адамболып қалыптасуының құралы — еңбек дейміз.

Еңбектәрбиесі — барлық тәрбиенің қайнар көзі. Өйткені бала алған білімін іс жүзіндеқолдана біліп, оны өмірмен, өзінің іс — әрекетімен, күнделікті тіршілікқызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісінбереді. Қазақ халқының еңбек тәрбиесіне аса үлкен мән бергені: «Еңбек етсеңемерсің», «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас», «Өнерліге өріс кең», «Атакөрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», тағы басқа мақал — мәтелдерінен — ақкөрініп түр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Мектеп оқушыларының ұлттық ою өрнектердітану деңгейін білу

Сауалнаманыңмақсаты:

Оқушылардыңұлттық ою-өрнектерің білу деңгейін аңықтау

Представленная информация была полезной?
ДА
59.41%
НЕТ
40.59%
Проголосовало: 1158

   Рет  саны

  Сұрақтар

Дұрыс

Қате

1

Оюөрнектің түрлерін белгіле

18

2

2

Қосмүйіз оюын белгіле

0

  20

3

Қошқармүйіз оюының мағынасы

16

 4

4

Түйетабан ою- өрнегін белгіле

9

11

5

Заттардың атауына байланысты қандай ою- өрнектер бар

     3

17

6

Заттардың атауына байланысты қандай ою- өрнектер бар

4

    16

7

Заттардың атауына байланысты қандай ою- өрнектер бар

5

15

8

Ою- өрнекті қайда жиі кездестіресін

20

0

1.«Ою-өрнектің түрлерін белгіле» деген сұраққа оқушылардың түгелге жуығы дұрысжауап берді. Яғни, бұл атауларды оқушылар бұрындары естіген, біледі.

2.«Қосмүйіз оюын белгіле» деген сұраққа түгел оқушылар бұрыс жауап берді. Оқушылар«Қосмүйіз» оюын «Қошқармүйіз» оюымен шатастырады.

3.Ал«қошқармүйіз» оюының мағынасы»деген сауалға 4 оқушы ғана қате жауап берді, 16оқушы дұрыс жауапты белгілеген. Бұдан шығатын қорытынды оқушылар  «қошқармүйіз»оюын жақсы біледі.

4.«Түйетабан ою-өрнегін белгіле»деген сауалға 9 оқушы дұрыс, 11 оқушы қате жауапберді. Кейірбір оқушылар бұл оюды таниды екенді білдіреді.

5-7.«Заттардың атауына байланысты қандай ою өрнектер бар» деген сұрақтарға көбінесеоқушылар қате жауап берді.

8.«Ою -өрнекті қайда жиі кездестіресін» деген ашық сұраққа оқушылар көбінесе«мұражайда, киіз үйдің ішкі көрінісінде» деп жауап берді. 2 оқушы мектептекездестіретінің белгіледі.

Сауалнама 1 кезеңінін қорытындысы:Оқушылар оюларды көрседе мән бермейді, өйткені олардың мағынасын, мақсатынбілмейді. Жарты күн уақытың мектепте өткізетің оқушылардың көз алдында ою–өрнектер болса, оларға қызық болып  сондықтан да мектеп өміріне де көбірекқолдану керек деп ойлаймын.

Осымәселені шешу үшін мен жоба жетекшімен ақылдасып, сыныптар арасында «Ою –өрнексыр шертеді» атты танымдылық сайыс өткіздік. (1 қосымша)

 

 

Сауалнаманың 2 кезең қорытындысы

   Рет  саны

  Сұрақтар

Дұрыс

Қате

1

Оюөрнектің түрлерін белгіле

19

1

2

Қосмүйіз оюын белгіле

17

  3

3

Қошқармүйіз оюының мағынасы

18

 2

4

Түйетабан ою- өрнегін белгіле

15

5

5

Заттардың атауына байланысты қандай ою- өрнектер бар

     16

4

6

Заттардың атауына байланысты қандай ою- өрнектер бар

17

      3

7

Заттардың атауына байланысты қандай ою- өрнектер бар

15

5

8

Ою- өрнекті қайда жиі кездестіресін

20

0

Осысауалнама нәтижелері бойынша келесі қорытындышығаруға болады:

1.    Оқушылар оюлардың атауларын, мағынасындұрыс тани біледі

2.    Мектепте оюларды байқайтын балалар дакөбейе түсті

Сауалнамаөткізгеннен соң, мен оқушыларға арнап альбом құрастырдым. Бұлальбомды «Мектепте ою- өрнектердің қолдану тәсілдері» деп атадым.

Альбомқұрастыру мақсатым: Мектебімізде ою-өрнектер арқылы оқушы бойына ұлттыққұндылықтарды дәріптеу.

Альбомдағыберілген мектеп ішіндегі көріністе жие кездесетін келесі оюлар:

«Қошқармүйіз» – мектепте білім байлығы нышаны. Қошқармүйіз онымен қатар әр заттың көлемі,сәнділік пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес бітпес оюларсалынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «түйетабан», «құсмұрын» т.б.аттарменаталған.

         Шиыршық– өмір, эволюция, даму дегенді білдіреді. Бір–біріне қарсы бағытта айналған екішиыршықты түйістіру арқылы «S» тәрізді таңба аламыз. Бұл шексіздік нысаны.Мектепте мұндай өрнектердің басты мағынасы – «Білім шексіз, қанша оқысан даөзіне деген жаңа білімді ашуға болады».

 

4. Қорытынды

Ою-өрнек– рухани өмірдің айнасы сан қырлы ұлттық өнеріміздің бір саласы – ою-өрнектердер едік. Үңіле білгенге бұл өнердің тылсым сырлары жетерлік. Ою-өрнек –ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы – рухани,мәдени-материалдық өмірінің айнасы.  Қазақ  халқының   өзіне  тән  ерте заманнан   қалыптасқан  ұлттық  тәлім- тәрбиесінің  асыл  қазынасы,  мол тәжірибесі   бар.

Оның    ұрпақ    тәрбиесінің    негізіне    алынуы — еліміздің  мүддесі,  халқымыздың талабы.  Ұлттық  ою-өрнектердің   бүгінгі  заманға  пайдасы  зор.

Ендігі    міндет   ұлттық    дүниетанымын   ерекшелігін  танытатын  осы   өнер  саласын   заман    талабына  сай  жетілдіріп,   көркем,  рухани   қазына ретінде  пайдалана   білу.   Қазақ    қолөнерінің    күрделі  саласы  ою-өрнекті әлі  де  ғылыми   тұрғыдан    тереңірек  зерттей   түсу  қажет.

Қорыта айтқанда   ою-өрнек  дегеніміз-дәлдік,  есеп,  теңдік, үйлесім,  жарасым,сәндік,  көркемдік,  парасаттылық,  жылылық,  сұлулық,  ойлылық,  ақылдылық,  зеректік,    көңілге    шабыт,     шаттық     ұялатады,     ептілікке,іскерлікке,  шеберлікке,  икемділікке,  дәлдікке   баулиды,  тәрбиелейді.

Ою-өрнек өнерге  деген  махаббат,  сұлулыққа  деген   құштарлық  жиынтығы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Пайдаланған  әдебиеттер

1.     Е.Қожабаев.Қазақ оюлары (7-14 бет) Алматы: Мектеп, 2015

2.     Қазақстанұлттық  энциклопедиясы     7 — том    (-233бет) Алматы, 2005.

3.     М.Ш.Өмірбекова.Қазақ халқының дәстүрлі  өнері  (41,-47бет). Алматы,2003.

4.     «Шаңырақ»үй-тұрмыс энциклопедиясы   (97бет).Алматы.т Рауан, 1990.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               (Қосымша1)

 «Оюөрнек сыр  шертеді»                                                       

Сыныптан тыс сайыс сабақтың мақсаты:Оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, төлмәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсендібіліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Көрнекі құралдар:сайыс тақырыбы, өнер жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар. Қолданылатынәдістер: сұрақ-жауап, тест, топпен жұмыс.Пәнаралық байланыс: көркемеңбек, қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

Кіріспе: Құрметті ұстаздармен оқушылар!

Қазақтыңұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнері, оныңішінде ою-өрнек өнері болып табылады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтарою-өрнек әлемінде өмір сүреді», — деп айтқанындай, қазақ халқын айнала қоршағанзат, бұйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та, кез келгенінен ою-өрнек өнерініңэлементтерін көреміз. Сол ою-өрнектер әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес,сонымен бірге ол халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны, осы тұрғыданалып қарағанда, ою-өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан.

Сондықтанбүгінгі «Оюмен түстік жарысқа» атты сайыста екі сынып оқушылары өздерініңою-өрнек жайлы білімі мен біліктілігін, шеберлігін сынға салмақшы.

1жүргізуші: «Оюмен түстік жарысқа» сайысына қошкелдіңіздер.

2жүргізуші: Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырайық.

5«а» сыныбы – «Шеберлер» тобы 5 «ә» сыныбы – «Жұлдызша» тобы

1жүргізуші: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық»дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де халық даналығы. Бабаларымызданқалған өнердің бірі – ою-өрнек. Оюларды жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамытубіздің міндетіміз.

2жүргізуші:        Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,

Қошқармүйізоюы болсын ермек.

Кел,балалар сайысты біз бастайық.

Әділқазыалқасын таныстырып,

Сайыстыңбағасын берсін лайық.

1жүргізуші: Сайысқа қатысушы әділқазы алқасынтаныстырып өтейік. _________

2жүргізуші: Сайыстың алғашқы байқауы – «Атымда меніңсырым бар» деп аталады. Байқаудың шарты – топ атының мән-мағынасын ашу. 

«Шеберлер»тобы:

         Топбасшысы: Қазақ халқының қолөнерінің түрі көп. Атапайтсақ, зергерлік, ағаш ұқсату, мүйіз ұқсату, кілем тоқу, киіз басу, ши тоқу,алаша тоқу, кесте тігу, ою-өрнек. Осы ұлттық қолөнерімізді ғасырларданғасырларға жалғастырушы, дамытушы – халық шеберлері. Біз де ата мұрасынжалғастыратын шебер боламыз. Сондықтан да біздің топ – «Шеберлер» тобы.

«Жұлдызша»тобы:

Топ басшысы: Жұлдызша– қазақ халқының байырғы өрнек белгіліерінің бірі. Өйткені ою-өрнектер теккөркемдік, сәндік үшін ғана қолданылмаған, олар шартты бейнелер арқылы халықтыңөмірге деген талпыныстарын да танытқан. Біз бүгінгі сайыста аспан биігіненжарқырап көрініп, қарсыластарымызға, қонақтарға жұлдыз нұрын төгейік, қазақұлттық ою-өрнек түрлері де сансыз жұлдыздардай көбейіп, түрлене берсін,ешқашанда жарық сөнбесін деген ниетпен тобымызды «Жұлдызша» деп атадық.

1жүргізуші:       

Тұскиізтөрде ілінген,

Оюықандай әдемі.

Өрнегіашық білінген,

Ұлттықбұйым кәделі.

Келесібайқау «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады. Топ мүшелері ою ойып жарысады.

2жүргізуші: Келесі байқауымыз – «Кім білгір?». Екітопқа тест сұрақтары беріледі. Топ мүшелері бірлесе тест жауаптарын белгілейді.

1жүргізуші:             Ою-өрнек сәндігі

Көздіңжауын алады.

Болмасазат өрнексіз,

Ешбірмәнсіз қалады.

Ендігібайқау шарты – сурет салу. Сайысқа түскен өнершілер берілген бұйымды өрнекпенбезендіреді.

2жүргізуші: Соңғы байқау — ән байқауы. Ол «Ою әнменәсерлі» деп аталады. Екі топтан екі оқушы шығып ән орындайды.

«Шеберлер»тобы

«Жұлдызша»тобы

1жүргізуші: Осымен «Оюмен түстік жарысқа» аттысайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айтуға сөз кезегін әділқазыалқасына бермекпіз.

         Сайысқақатысушы топтарды марапаттау.

         «Шеберлер»тобы – 73 ұпай

         «Жұлдызша»тобы – 68 ұпай жинады.

Топтар«Алғыс хаттармен» марапатталды.

Мұғалімніңқорытынды сөзі.

«Ою-өрнек,құрау құрау – қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі» — деп Бауыржан Момышұлыатамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.

         Жасұрпақ өмірлі болсын,

         Тұрмысыкөңілді болсын,

Ата-анағамейірлі болсын,

Ағайын-туысқапейілді болсын,

Өнер-білімгезейінді болсын,

Онсаусағынан өнер тамған

Оюшыболсын деп, — бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


Поделиться статьей
Автор статьи
Анастасия
Анастасия
Задать вопрос
Эксперт
Представленная информация была полезной?
ДА
59.41%
НЕТ
40.59%
Проголосовало: 1158

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram

ОБРАЗЦЫ ВОПРОСОВ ДЛЯ ТУРНИРА ЧГК

Поделиться статьей

Поделиться статьей(Выдержка из Чемпионата Днепропетровской области по «Что? Где? Когда?» среди юношей (09.11.2008) Редакторы: Оксана Балазанова, Александр Чижов) [Указания ведущим:


Поделиться статьей

ЛИТЕЙНЫЕ ДЕФЕКТЫ

Поделиться статьей

Поделиться статьейЛитейные дефекты — понятие относительное. Строго говоря, де­фект отливки следует рассматривать лишь как отступление от заданных требований. Например, одни


Поделиться статьей

Введение. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси

Поделиться статьей

Поделиться статьей1. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси. Специфика периода феодальной раздробленности –


Поделиться статьей

Нравственные проблемы современной биологии

Поделиться статьей

Поделиться статьейЭтические проблемы современной науки являются чрезвычайно актуальными и значимыми. В связи с экспоненциальным ростом той силы, которая попадает в


Поделиться статьей

Семейство Первоцветные — Primulaceae

Поделиться статьей

Поделиться статьейВключает 30 родов, около 1000 видов. Распространение: горные и умеренные области Северного полушария . многие виды произрастают в горах


Поделиться статьей

Вопрос 1. Понятие цены, функции и виды. Порядок ценообразования

Поделиться статьей

Поделиться статьейЦенообразование является важнейшим рычагом экономического управления. Цена как экономическая категория отражает общественно необходимые затраты на производство и реализацию туристского


Поделиться статьей

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram
Заявка
на расчет