Описание презентации по отдельным слайдам:
-
1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды -
2 слайд
Ойлан!
Бүгінгі күнге дейін жеткен салт – дәстүрлер қалай пайда болды?
Біз қандай салт – дәстүрлерді білеміз?
Зерттеу сұрағы:
Көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?
БББ кестесі -
3 слайд
Жаңа жыл – «Наурыз» ежелден бері тойланып келе жатқан дәстүрлі мерекелердің бірі. Ғалымдардың пікірінше, ол осыдан 3000 жылдай бұрын пайда болған. Наруыз күн мен түннің теңелген кезі. «Наурыз» — ежелгі парсы сөзі, «жаңа күн» деген мағынаны береді. Көшпелілер Наурыз мерекесі тойланатын күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. «Ұлыстың ұлы күні алдына келсе, атанның құнын кеш» деп бір-біріне деген ең ауыр реңіштерін де кешірген. Бұл бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі болып саналады. Наурыз күні халық бір-бірін құттықтап, мерекелі дастарқанын мол жайған. Күні бойы ойын-сауықтар өткізіліп, ән-күймен жалғасқан.
«Ұлыстың ұлы күнін» Орта Азияны мекендеген көптеген халықтар «Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп дәріптейді. Бұл мейрам Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Пәкістан, Ауғанстан және т.б. елдерде кеңінен тойланады. -
4 слайд
Тапсырма 2
«Тұсаукесер»
«Бесікке салу»
«Беташар»
«Наурыз көже»
Салт – дәстүр — импровизациялау
Критерийлері: 1. Салт-дәстүрдің мағынасын аша біледі
2. Мазмұндылығын айқындайды
3. Көшпелілердің дүниетанымына әсерін анықтайды -
5 слайд
Тапсырма 4
Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды.Сендердің отбасыларында салт – дәстүрлер қалай сақталуда?
Олардың маңызы неде?Сұрақтардың аясында шағын әңгіме құрындар
Бекітусұрақтары:
— Бүгінгі күні көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері сақталған?
— Көшпелілер ата – баба рухын қалай дәріптеді?
— Көкпар ойыны салт – дәстүрге қалай айналған?