Білім алушылар арасында интернет ресурстарын тиімді пайдалану
Біз күнделіктіөмірімізде ғаламторды пайдаланып жүрміз . Әр үйдің өзінде адамдар бүкіләлемдікжеліні пайдаланады . Интернеттің көптеген артықшылықтары бар , бірақкемшіліктері де аз емес . Интернетті пайдалану арқылы сіз кітаптар оқи аласыз ,фильмдер көре аласыз , қажетті ақпаратты табасыз . Қажетті кітапты алу үшінкітапханаға да барудың қажеті жоқ . Ақпаратты тез әрі ұтымды пайдалануға мүмкіндікбереді .
Барлықжағымды жақтарына қарамастан , дүниежүзілік желі адамдарға үлкен зиян келтіруімүмкін . Соңғы кезде жасөспірімдер интернетте көп уақыт өткізіп , оны дұрысқолданбай жүр . Достарына барудың орнына олар әлеуметтік желі арқылыбайланысады . Сонымен қатар алаяқтар мен интернет ұрлықшылар қазіргі кездекөбейіп кеткен . Жасөспірімдер бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудамәдениет сақтамай , ерсі қылық жасауда .
Ғаламтордыпайдалану мәдениетін қалай қалыптастыру керек ? Біз жастарға ғаламтор жағымдыжәне жағымсыз әсері бар екенін білдік , және олар көбінесе қоғамдағы орынсызмінез-құлқында көрінетін теріс әсері туралы жиі айтылуда . Ал теріс ықпал азболуы үшін , цензураны және тыйым салуды қолдануымызға болады . Осыларды бізқандай қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан енгізу керек деп санаймын .
Ғаламтордыңпайдасы мен зияны
Қазіргі техникадәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығараалмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады.Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернеттеотырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдарт.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болукерек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар.Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді.Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардарболып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты.Ол жақсы бірдеңелербіліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналаринтернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашықболсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Алсабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс.Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндеріадам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Соныменқатар тапжылмастан компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнедеомыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Менкомпьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай
Адамзатқа ғаламтордыңпайдасы
Көптеген адамдар,әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкенқолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзіболуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердіңшешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кеңболып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол.
Оған қоса, ғаламтордыңтағы бір артықшылығы — мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып,адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесугемүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдардостасып, махаббатарын да тауып жатады.
Танымдықбағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерінүйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ейадамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұларданбөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады.Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайдаболған.
Ғаламтордың денсаулыққазияны
Әрине, ғаламтордыңпайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиянжайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып — ғаламторға тәуелділік. Албұл аңыздан алнған термин емес.
Ғаламторқолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті,олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние депесептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттықдеңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.
Десе де ғаламтордыңзияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақытотырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрысқалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді.
Адам психикасына керіәсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламторарқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануымүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп,зиянын тигізетін вирустар тарайды.
Әрине, ғаламтордыңпайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әрәрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз дегенпікірдеміз.
керегіне жаратса,қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін.
Ғаламтордың пайдалыжақтары
Ғаламтор — ғылыммен техниканың шынайы жетістігі. Ол — сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кезкелген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады.Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғаларданхабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі менқабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.Ғаламторда шек жоқ. Алыстажүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың,сөйлесесіз, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осығаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланысорнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама.Ғаламдық желі,сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шеттілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Одан бөлек,ғаламтор — нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауыпотырғандар да аз емес.
Ғаламтордың зияны
Өкінішке орай,жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары дакөп болып шықты. Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдықмәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделіктібайланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырынбөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден,жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.Ғаламтордың келесі зиянды тұсы — адамныңденсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлайтүседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларынаәкелуі мүмкін.Одан бөлек, қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардансақтанудың да қамын жасаған абзал.
Не істеуге болады?Жалпыкомпьютердің алдына артық отырып алмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзінеқажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп, керегін ала алса, онда ғаламтортүк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан қашқан жөн.
КММ«Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені»
БАЯНДАМА
Тақырыбы:Білім алушылар арасында интернет ресурстарын тиімді пайдалану
Дайындаған: мектеп психологі Э.Асинова
Сыныбы : 9-11
2022-2023оқу жылы