Vll-Vlll ғасырларда бекініс (цитадель) тұрған жерде құйма кірпіштен , түйе кірпіштен жасалған ғимарат болған.Оның мезгілін құрылысты салу техникасы айқындап тұр.Түйе кірпіштендің көлемі ,жай кірпіштердің өлшемі, кірпіш қалауда аралас тәсіл Жетісудің Vll-Vlllғасырына тән . Кейін құйма кірпіштен салынған ғимараттардың орына бұрынғынықалпына келтіре отырып салынған жаңа ғимарат тұрғызылған . Ол кәдімгі шикікірпіштен қаланған . Едендегі ашық ошақтар сол Vll-Vlll ғ.ғ. кейінгі мезгілдімеңзейді , яғни IX – X ғасырларға жатады. Ең жоғарғы құрылыс қабаты жаңатехниканың , жаңа технологияның келгенін аңдатады . Табаны жалпақ таспенқаланған. Ал қабырғалар төрт бұрышты күйген кірпіштен тұрғызылган . Оның мезгілін су құятын ыдыстан білуге болады [2,с. 236]. Бұл ыдыстар Xl-Xllғасырларда пайда болған . Қамалдың сәулеттік , те,хникалық тәсілдері Орта Азиямен Қазақстанда Vll-Vlll ғасырларда қолданылған . Дәл осындай қазбалар Ташкент, Соғды , Пенджикент маңында да кездеседі . Бәрі де бір – біріне ұқсас .Құландағы қамал Қызылөзен қалашағына ( Нвакет) ұқсас . Қамал ғимаратыныңбөлмелерінің ұзындығы 6 метр ,көлденеңі 2 метрден аспаған . Олар осындай үшқатар етіп салынған .Үш қатар дәліздер біткен тұста шам тұрған . Соның жарығыүш қатар дәлізге көмескі жарық түсіріп тұрса керек .Аулада шаруашылық үйлерімен әлуметтік зиратқа оқшау орын берілген. Қазба жұмыстары жүргізіп жатқанда