ШығысҚазақстан облысы білім басқармасының
Өскеменқаласы бойынша білім бөлімінің
«ОралханБөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Баяндама тақырыбы:
«Қ. Қайсенов шығармасыноқытуда оқу мақсаттарына
сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді саралау»
Секция атауы: «Қ. Қайсенов шығармаларын оқытудың әдістемесі»
Орындаған: Д.О.Баймулдинова
Оқыту пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оқыту тілі: Қазақ тілі
2023жыл
«Қ. Қайсенов шығармасын оқытуда оқу мақсаттарына
сәйкес тиімді әдіс-тәсілдерді саралау»
Мазмұны:
Кіріспе
Ұлы Отан соғыс кезіндегі жәнесоғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ кеңес балалар әдебиетінің көтерген мәселесі.
Негізгі бөлім:
І. Қ. Қайсенов шығармашылығы.
ІІ. Қ. Қайсенов шығармасын оқытудаоқу мақсаттарына сай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алу.
Қорытынды.
Ұлы Отансоғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ кеңес балалар әдебиетініңкөтерген мәселесі –соғыс зардаптары салдарынан өздерінің балалық, жастық шағынжоғалтқан балалар, жастар тағдыры жайлы болды. Үш бағытта өріс алды:
1) Жау тылындапартизандармен бірге жүріп Отан үшін алысқан, ерлік көрсеткен, көп қасіретшеккен жасөспірімдер мен балалар ерлігі, олардың тағдыры сөз болды.
2) Ә.Молдағұлова,М.Мәметова, Б.Бұлқышев сияқты жастардың ерлігі жайлы туындылар өріс алды.
3) Майдандықарумен, жылы киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған тылдағы ата-аналармен балаларға арналған еді.
1940-1960 жылдар аралығындаәдебиет әлеміне келген дарындар көркемдігі жағынан еленуге тиісті шығармаларбергенін жоққа шығаруға болмайды.
Осышығармалардың көшбасшысы ретінде Қ. Қайсенов туындыларын айтуға болады. ҰлыОтан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайысуреттеген, оқушы жұртышылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.
· 1954 жылы орыстілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді.
· «Илько Витряк»
· «Переяславпартизандары»
· «Ажал аузынан»
· «Жау тылындағыбала»
· «Днепрде»
· «Жау тылында»
· «Паризансоқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді.
Бұл шығармалары орыс, украин,басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңінесенемін», «естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Осы шығармаларыныңішіндегі «Жау тылындағы бала» повесі мектеп бағдарламасына сәйкес 7-сыныптақазақ әдебиеті пәні бойынша оқытылады. Тақырыпқа жиыны 5 сағат бөлінген.
«Жау тылындағы бала» — Қасым Қайсеновтың 1961 жылы жазғанповесі. Повесте автор Ұлы Отан соғысы кезінде жау тылындағы партизандардыңбасқыншыларға қарсы жасаған зор ерліктерін үлкен тебіреніспен суреттеп жазған.
Отан соғысы жылдары қазақ кеңесбалалар әдебиетіндегі соны тақырып, ол – жау тылындағы партизандар қимылытуралы болды. Бұл тақырыпты әдебиетке енгізген екінші дүниежзілік соғысжылдарында жау тылында, Украина жерінде басқыншыларға қарсы құрылған астыртын ұйымныңжұмысына қатысып, кейіннен партизандар қатарында болған Қасым Қайсенов еді.Украина жерінде ол 1942 жылы Чапаев атындағы партизан құрамасының үшіншіотрядын басқарады. Партизанотрядының сапында Украина, Молдавия, Чехословакия мен Румынияда фашистергеқарсы арпалысады. 1955 жылы «Илько Витряк», 1957 жылы «Переяслав партизандары»және 1959 жылы «Ажал аузында» деген очерктер жинағын шығарды. 1960 жылы «Жаутылындағы бала» атты көлемді повесть жазды. 1963 жылы «Днепрде» кітабы жарықкөрді. Қ.Қайсеновтың жоғарыда аталған үш кітабындағы оқиғаларУкраина,Чехословакия жерлерінде болған.
Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласыныңпартизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі.Ол МайорМергенбаевтың ұлы атаcының қолында ауылда оқып, жазғы каникулда қаладағыәке-шешесіне келеді. Көп ұзамай соғыс басталады. Он жасар Серікті Жамалжетектеп эшелонмен ауылға кетпек болады. Жау бомбалап,эшелон қирайды. Жамал жауоғынан қаза табады. Серік комиссар Савченконың әйелі Анна Ивановна мен оныңбаласы Бористің қасында қалады. Анна Ивановна екі баланы алып туған жеріВинница облысы, Сомогородск ауданы, Зазулин селосында тұратын әкесі ИванДементьевичке қиындықпен әрең жетеді. Сатқын құрбысы Тамара комендатқа бұлардыұстап бергісі келеді. Астыртын ұйым басшысы Олейниктің байланысшысы Алексейжасырын үй тауып беріп көмек көрсетеді.Жанкештілікпен Отан үшін алысқанпартизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмгенәке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты.Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңындаМайор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.
Партизандар жау тылының алыстүпкірлерінде жүріп, ірі шайқастар жасайды. Олар жаудың мүлде күтпеген жерінентұтқиылдан шығады. Жауынгерлер фашизмге қарсы күресте олардың басым күштерінеүздіксіз тойтарыс беріп отырады. Партизандар оқ-дәрі мен қару-жарақтар тиегенэшелондарды қиратып, жаудың гарнизондарына шабуыл жасайды, әлденеше қоймаларынөртеп жібереді. Партизандардың үздіксіз шабуылдарының нәтижесінде немісфашистерінің түрмелеріндегі, азап лагеріндегі тұтқында жатқан кеңес солдаттарымен офицерлері, бейбіт адамдар құтқарылады.
Қ.Қайсеновшығармаларында соғыс күндерінің осындай қиян-кескі кезеңдері суреттеледі.Оқиғаның барлық желісі бастан-аяқ жазушының өз атынан баяндалады. Шығармаларыкейіпкерлерінің мақсаты – фашизмнің күлін көкке ұшырып, бейбіт өмір орнату.
Шығарманыоқыту барысында ұсынылған оқу мақсаттары:
7.2.4.1 шығармадағы кейіпкерлергеавтор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау;
7.3.3.1 прозалық және поэзиялықшығармалардағы кейіпкердің іс — әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образынталдау;
7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуынсақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіпжазу;
7.1.1.1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдасбөлшектерін талдау.
7.1.4.1 .Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесінашып, үзінділерді жатқа айту. 7.2.2.1.Эпикалық, поэзиялық, драмалықшығармадағы автор бейнесін анықтау.
7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынанталдап, әдеби эссе жазу;
Оқу мақсаттарын игеру барысында мұғалім осымақсаттарға сәйкес әдіс-тәсілдерді таңдай білуі қажет.
|
Оқу мақсаттары |
Әдіс—тәсілдер |
Ескертпе |
||||||||||
|
7.1.1.1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. |
«Түйінді сөздер» Оқушыларға көрсетілім арқылы немесе парақшаларға жазылған түйінді сөздер беріледі. Олар топтарда сол сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрайды және сабақ тақырбын анықтайды. Түйінді сөздер: Ұлы Отан соғысы, қазақ жауынгерлері, қазақтың қайсар ұлы, Вася т.б |
Шығарма авторы, партизан – жазушы Қ.Қайсенов туралы мәлімет беріледі. |
||||||||||
|
7.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс — әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау; |
«Әдебиет алаңы» «Мазмұндаушы» Шығарма атауы …………………………………… Оқушының аты, тегі ………………………. Мазмұндаушының атқаратын міндеті: — Шығарманы оқып, кейіпкерлер, негізгі оқиға, айтайын деген ой (идея) туралы түртіп ал. -Шығарманы түсініп, есте сақтау үшін қажетті негізгі оқиғаларды анықта. — Өз жазбаңды пайдаланып, 1-2 минуттық қысқаша мазмұндау жаса.
Топ үшін сенің мазмұндауың өте маңызды болуы мүмкін, себебі ол шығарманың мазмұны мен кейіпкерлер туралы естеріне салады. Шығарманы жақсылап мазмұндау үшін бірнеше рет оқып, түсінбеген топ мүшелері үшін қайта қайталауыңыз да мүмкін. Кілтті сәттер: Негізгі оқиғалар ……………………………………………………………… Негізгі кейіпкерлер: ………………………….. Қысқаша мазмұны ………………………………….
|
Шығарманы толықтай қарап, кейіпкерлерге мінездеме береді, негізгі оқиғаны анықтайды. |
||||||||||
|
7.2.4.1 шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау; |
«Жазушы тілінің сөздігін» құрастыру.
|
|
||||||||||
|
7.1.4.1 .Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. |
«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі. 1-қадам. Шығармадан үзінді оқыту, оқылған мәтіннің мазмұнына, кейіпкер бейнесіне байланысты әр деңгейлі сұрақтар дайындау; 2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, талқылайды. Кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді тауып, жаттайды. |
Мәтін өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды. |
||||||||||
|
7.2.2.1.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. |
«Дөңгелек үстел» әдісі. 1-қадам. Мәселенің қойылуы: Шығармадағы автор бейнесі; 2- қадам. Кіші топтарға бөлу; 3- қадам. «Дөңгелек үстел» жұмысының ережесі бойынша бойынша: — әр сөйлеуші берілген мәселе бойынша өз ой-пікірін бір параққа жазады да, сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі оқушы сол қағазға тағы да өз ой-пікірін жазып, көршісіне береді. 4-қадам. «Дөңгелек үстелдің» ережесіне сәйкес мәселе жайлы пікірталас; 5-қадам. Кіші топтардағы әңгіме нәтижесін түйіндеу. |
«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың әңгімелері нәтижесінде тұсаукесер жасатуға болады. |
||||||||||
|
7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; |
«Байланыстырушы» Оқиғалар: Осы оқиғаға ұқсас оқиға бастарыңнан өткен жоқ па, мүмкін танытарыңның басынан өтуі? Шығармадағы оқиғалар шынайы өмірде болған бір оқиғаларды естеріңе түсірген жоқ па? Мысалы, оқыған немесе теледидардан көрген, әлеуметтік желілерден кездестірген оқиғаларға ұқсатығы бар ма? Кейіпкерлер: Шығарма кейіпкерлері сенің танысыңды тб еске түсірген жоқ па? Неге? Өзіңнің бойыңда шығарма кейіпкерінің бойындағы ойлар мен сезімдер болды ма? Осы шығармадағы кейіпкерге ұқсайтын адамдарды білесің бе? |
Жауабын сыныптастарымен талқылап, терең сараптама жасауға талпынады. |
||||||||||
|
7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; |
«Әңгімеге негізделген жазу» Оқушылар шығармадағы өзіне ұнаған оқиға желісін дамытып жазады. «Дүниежүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді» деген ойды тереңдете отырып, тарихи, көркемдік құндылығына баға береді. |
|
Пәнбойынша оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқуміндеттелген. Өйткені бұл оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманыжан-жақты талдай білу қабілетін дамытуға, оқырмандық қабілетін қалыптастыруғамүмкіндік береді. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өзі оқыған шығармасынсыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойелегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетіншеоқытылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығысақталады.
Әдебиеттер:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту әдістемесі (әдістемелік құрал),Б.Керімбекова, Ә. Қуанышбаева, 2017ж .
2.Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала» .
3. Қазақ тілі 7-сынып «Мектеп» баспасы.