X-PDF

Абайдың аудармалары: И Крыловтың мысалы Шегіртке мен құмырсқа

Поделиться статьей

Мария. Вострышева,   9-сынып оқушысы, Б.ТАбдошева «№13 орта мектебі»  КММ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

 

АБАЙДЫҢАУДАРМАЛАРЫ: И:КРЫЛОВТЫҢ МЫСАЛЫ «ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА»

Абайорыс тілін тамаша меңгерді. Абай орысәдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Абай аудармаларының бұл тәрізді үздікболуының, бізше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттылығы; 2) орыстіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілікқасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақ тіліндегі сөздерге ақынның мейлінше байлығы.

         Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен  қызығаайналысқан. Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті.Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды. Абай өз заманында И.Крыловтың мысалдарын  аударыпқалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі  және келешекте жастарға,- ақыл –өсиет,тілім –тәрбие ретінде сабақ болды.   Аударып,ұлттық әдебиетімізге көркем аударманы қалыптастыруға үлес қосқан Абай Құнанбаевтыңмысал жанр аударудағы шеберлігі қарастырылады. Абайдыңаудармашылығы туралы жазылған еңбектер баршылық. Бірақ,  оның мысал аудармаларыәлі толық зерттеліп болған жоқ. Ал негізгі мәселе, — Абай аудармаларыныңшеберлігі аударма теориясы тұрғысынан терең әлі зерттелген  жоқ. Бұл мәселебізді де қызықттырды, сондықтан да зерттеулерімізді екі жыл бұрын бастадық. Еңалдымен Абайдың аудармаларын оқып, түсінуді шештік, әрине бұл іс өте оңайболған жоқ, себебі алғашында орысша, кейінірек қазақша оқи бастадық. Бұлуақытта кітапханадағы Абай аудармаларын түгел оқып шықтық. Оқылған мысалдардытүпнұсқаларымен салыстырып көрдік.

        Абайдың Крылов мысалында берілген даналық ойлардың  ұғымын сезіне отырып, өзініңтөл шығармасындай аударуға күш салатыны талдау арқылы көрсетіледі. Абай ауарғанкезде қолнанылатын  тәсілдері: ұлғайту, антонимдік, нақтылау, синекдоха,тұжырымдау т.б. Осы тәсілдерді қолдана отырып Абайдың ХХ ғасыр басында орыс әдебиетіндегі мысалжанрының көрнекті үлгілері қазақ тіліне аударылып, қазақ әдебиетінің дамуынаықпал етті. Әсірісе, Абай И. Крыловтың мысалдары арқылы ұлттың сана сезімінеүлкен әсер етті, ғибрат алуды ұсынды. Абай Құнанбайұлының И. Крыловтан аударғанмысалдары ерекшеленеді. Қай мысалды алсақ та аударма барысында авторлықшығармашылық еркіндікті байқаймыз.

             Академик З.Ахметов: «Абай орысшамысалдың тексін дәлме-дәл аударуды мақсат етпеген, негізінен оқиға желісінсақтай отырып, мысалдағы жай-жағдайларды қазақ өміріне, ұғым-түсінігіне, ойлау,сөйлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге ұмтылған»    [1, 24] — депталдау жасайды. Академик З. Қабдолов. айтқандай «Мысал- эпостық шығармалардыңішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты бар, көбінесе аң, хайуанат,кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтікортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады.Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындайөткір, шымшыма, шымыр келеді» [2, 36]. Өлеңмен берілетін тағылымды ойдыастарлап жеткізуді мақсат ететін мысал жанрының тақырыбы әр түрлі. Сюжеттерініңкейіпкерлері адамдар, құстар, жан-жануарлар, өсімдіктер болып келеді.Жан-жануарларға тіл бітіп, диалог тәсілімен қоғамдағы өзекті мәселелердіқозғайды. Әсіресе, адам мінезіндегі екіжүзділік, жалқаулық, арсыздық т.б. жаманәдеттер жануарлардың образымен беріліп, әшкереленеді.

            Біздің қарастыратынымыз АбайҚұнанбайұлының И.Крыловтан аударған мысалдарының ерекшеліктері. Абайдың қайаудармасын алып қарасақта, шығармашылық еркіндікті байқаймыз. Яғни, Абайоқырманның түсінігіне бейімдеп, өзінің айтпақ ойын қосып мысалды дамытыпбереді.

Абай Құнанбайұлының И.Крылов мысалдарын  еркінаударған. Арасында  өз идеяларын, көзқарасын қосып, қазақ ұлттықпсихологиясына, болмысына қарай бейімдеуді көздеген. «Мысалдың артықшылығы,алдымен, олардың поэзиялық қуат-күшінен, тұспал бейнелер арқылы сан алуанадамдардың мінез-құлқын, әс-әрекетін аңдатып, айқын көзге елестетіп, сол арқылықоғамдық өмірдің шындығын, қайшылықтарын терең ашып бере алатын молмүмкіндігінен іздесе керек» [1, 48], — дейді абайтанушы, профессор З. Ахметов.Абай өзінің төл туындыларымен ғана емес, тәржіме арқылы да адамзаттыадамгершілікке, еңбекқорлыққа  шақырған.  И. Крыловтан аударған «Шегіртке менқұмырсқа» мысалында «қыстың қамын жаз ойла» идеясын жеткізсе, «Есек пен бұлбұл»мысалында біліксіз сыншының сынын көрсетіп, «сын — шын болсын» ұстанымынжеткізген. Ойланып қарасақ, Абайдың аудармаларында  үлкен мән жатыр. Абай мысалжанрының шебері И. Крыловтың өлеңдерін аудара отырып, сатира тілімен негізгіойды шебер жеткізе білген. Ақын Крыловтың «Стрекоза и муравей» тақырыбын«Инелік пен құмырсқа» деп бермей, «Шегіртке мен құмырсқа» деп атауды жөнкөреді. Абай өлеңнің поэтикалық мазмұнын ашу үшін,  инеліктен қарағандаыршып жүретін шегірткенің болмысына сәйкес инелікке қарама-қарсы образдыалып, антонимдік аударма жасаған. Негізінде антонимдікаударма, аударма теориясында қолданылатын ұтымды тәсіл екенін осы мысалтәржімасынан байқаймыз.

«Шегіртке мен құмырсқа» мысалында құмырсқанышегірткемен қатар ала отырып, құмырсқаның еңбекқорлығы, шегіркенің ертеңгісінойламайтын жалқаулығы суреттелген.

Түпнұсқасында шегірткенің секіріп жүріп, жаздыңөтіп бара жатқандығын, қыстың келгенін байқамай қалғандығы айтылады. ТәржімасындаАбай түпнұсқасын сөзбе-сөз бермей, шегірткені орыс тіліндегідей «секіргіш»демей, бейнелі түрде шегіртке образын ашып ыршып жүріп ән салатынын,«шырылдауық» деп бейнелейді. Сайран салып, қызық қуып жүріп жаздың қалай өтіпкеткенін байқамай қалғандығын яғни, себебін анықтап жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

                              1-сурет.  «Сайрансалып, қызық құып…»   «Шегіртке мен құмырсқа»

Помертвело чисто поле,

Нет уж дней тех светлых боле,

Как под каждым ей листком 

Был готов и стол и дом — [3,12],

 

 

 

 

 

                                2-сурет.Шегірткеніңжағдайы қиындады…

 Жаз күндеріндей емес, дала өлі. Жазда әржапырақтың асты үй болып, дастарханның да дайын болып тұратыны, енді олкүндердің жоқтығы айтылады. Бұл шумақ шекірткенің жағдайының қиындағанынбілдіріп тұр. Бұл шумақты Абай нақтылап,

 Жаздыкүні жапырақтың

Бірінде тамақ, бірінде үй,

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң кетті күй  [4, 47] — депберген. Түпнұсқада күздің келгені астарлы түрде берілсе, аудармадан нақтылауәдісін байқаймыз. Абай «күз болған соң кетті күй» депөз жанынан сөз қосып, қазақ ұғымына түсінікті етіп, еркін жеткізген. Келесішумақтардың аудармасынан трансформация тәсіліндегі ұлғайту әдісін байқаймыз.«Абай аудармаларында жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғымынша әдемілеп айтып береді.Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ, жалпы сарыны, ізісақталынады. Кейде өз жанынан сурет, баяндаулар қосып, кейбір жерлерін тастапкетеді» [5, 225] — деп пікір білдірген екен академик, Қ.Жұмалиев. Абай өзіншежазса да, автор идеясынан ауытқымайды. Абайдың аудармадағы ұстанымы автордыңастарлы ойын жұмбақтамай  оқырманға нақтылап жеткізу. Нақты беруүшін сөз қосу, мағынаны дамыту келесі шумақтардан дабайқалады.

 Всепрошло: с зимой холодной

Нужда, голод настает,

Стрекоза уж не поет,

И кому же в ум пойдет

На желудок петь голодный!

И.Крылов «все прошло…» —            

деп бір тіркеспен ғана шегірткенің жағдайыныңқиындағанын білдіреді де, қарны аш болса, ән салып, сауық құруға шамасыныңболмайтынын бес жолға сыйғызып берген. Ал, Абай осы бес жолды он жолғаайналдырады. Яғни, түпнұсқа сөздерін дәл аударып, сірестірмей шығармашылықеркіндікпен шегірткенің мүшкіл халін шеберлікпен бейнелейді.

 Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған, қарны ашқан

Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,

Қар көрінді, қыс болды.

Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

 Байқап отырғанымыздай, бұл шумақта түпнұсқадажоқ сөздерді кездестіреміз. Шегірткенің құмырсқаға барып жалынғаны түпнұсқада:

 Злой тоской удручена,

Представленная информация была полезной?
ДА
58.15%
НЕТ
41.85%
Проголосовало: 896

К муравью ползет она –

деп екі сөйлеммен берілсе, аудармада жәй ғана«құмырсқаға барды» демей, нақтылай:

 Саламда жатып дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра.

 

 

 

 

 

                                           3-сурет. Қыс түсті, қар жауды…. К муравьюползет она…….

 Салам дегеніміз: «Шөп-шаламның үйіндісі,илеу» [6, 432]. Демек, Абай жаздай еңбектенген, қысқа сақадай сай болғанқұмырсқа екенін анықтап беруді мақсат еткен. Сондай-ақ, қарны ашқан шегірткеніңаянышты бейнесін селкілдеп, аяққа жығылғанын суреттеп көрсетеді. Ары қарайшегірткенің құмырсқаға жалынғанын орыс тілінде:

 «Не оставь меня, кум милый!

Дай ты мне собраться с силой

И до вешних только дней

Прокорми и обогрей!» 

 Абай аудармасы:

 Қарағым жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра!

 

 

 

 

 

 

                                                       4-сурет  «Накорми и обогрей…..»  

 Бұл шумақтан аударматрансформациясындағы қысқарту әдісін байқаймыз. Түпнұсқадағышегірткенің өмір сүруге шамасының жоқтығынан, күш жинағанша құмырсқаның қасындақалуға мұрсат сұрағаны, тамақ беріп, бойын жылытып қыстан аман-есен шығуынөтініп сұрағаны айтылған. Ал, Абай төрт жолды екі жолға сыйғызып, қысқа ғана«жаз шыққанша асыра» деген жолмен-ақ, басты айтпақ ойды білдіреді. Түпнұсқадашегірткенің әннен басы айналып жүргендігі айтылса, аудармада түпнұсқағажуықтатылып, әннен қолы тимегендігі айтылады.

  «А,так ты…» — «Я без души

Лето целое все пела»,-

«Ты все пела? Это дело:

Так поди же, попляши!» — деп әніңді айып,сайран салып жүре бер деп аяқталса, аудармада:

 Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де, билей бер! – деп жол қосуарқылы мағынаны ұлғайтып, өлеңнің концепсиясын әсерлі жеткізебілген.  

Қорыта келе, Абайдың  аудару шеберлігі қазақ  жазбаәдебиетіне үлкен үлес қосты. Крыловтың мысалдары  қазақ халқының тәрбиесіне деәсер етті. «Крылов мысалдарын аударғанда мысал моралін өзгертіп, соңғы жолдарынжәне басқа сентенцияларын қайта қарап, жасап қазақтар түсінігіне ыңғайлаған»[7, 88]. Абай кез келген шығарманы аудармай мысал жанрының атасы болыпесептелетін Крыловтың өлеңдерін аудара отырып, мысқыл, әжуалардың астарын қазаққоғамына жеткізе білген. Абайдың шығармашылық еркіндікпен жасаған аудармаларынқазіргі кезде де поэзия аудармасының классикалық үлгісіне жатқызамыз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі, – 272б.

2. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – Алматы: ҚМКӘБ, 1974 – 365 б.

3. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті,–  344 б.

4. Крылов И.А.1946. Полное собрание сочинений. Т. 3. М.: ОГИЗ. – 250 стр.

5. Құнанбаев А.1998. Шығармалар жинағы. Алматы: – Жазушы, Kazakhstan. – 254 стр.

6. Жұмалиев Ө.1985. Әдебиеттану. Almaty: Kazakh University, Kazakhstan. – 298 стр.

7. Мұқамедханов Қ.2005. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: – Алаш, Kazakhstan. – 352 стр.

8. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/audarma/23663/

9. https://kk.wikipedia.org/wiki/Уикипедия. Ашықэнцеклопедиясы Абай Құнанбайұлы

 

 

 


Поделиться статьей
Автор статьи
Анастасия
Анастасия
Задать вопрос
Эксперт
Представленная информация была полезной?
ДА
58.15%
НЕТ
41.85%
Проголосовало: 896

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram

ОБРАЗЦЫ ВОПРОСОВ ДЛЯ ТУРНИРА ЧГК

Поделиться статьей

Поделиться статьей(Выдержка из Чемпионата Днепропетровской области по «Что? Где? Когда?» среди юношей (09.11.2008) Редакторы: Оксана Балазанова, Александр Чижов) [Указания ведущим:


Поделиться статьей

ЛИТЕЙНЫЕ ДЕФЕКТЫ

Поделиться статьей

Поделиться статьейЛитейные дефекты — понятие относительное. Строго говоря, де­фект отливки следует рассматривать лишь как отступление от заданных требований. Например, одни


Поделиться статьей

Введение. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси

Поделиться статьей

Поделиться статьей1. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси. Специфика периода феодальной раздробленности –


Поделиться статьей

Нравственные проблемы современной биологии

Поделиться статьей

Поделиться статьейЭтические проблемы современной науки являются чрезвычайно актуальными и значимыми. В связи с экспоненциальным ростом той силы, которая попадает в


Поделиться статьей

Семейство Первоцветные — Primulaceae

Поделиться статьей

Поделиться статьейВключает 30 родов, около 1000 видов. Распространение: горные и умеренные области Северного полушария . многие виды произрастают в горах


Поделиться статьей

Вопрос 1. Понятие цены, функции и виды. Порядок ценообразования

Поделиться статьей

Поделиться статьейЦенообразование является важнейшим рычагом экономического управления. Цена как экономическая категория отражает общественно необходимые затраты на производство и реализацию туристского


Поделиться статьей

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram
Заявка
на расчет