Ашықсабақ
Қарапайымматематикалық түсініктерін қалыптастыру
Сабақтыңтақырыбы: «Ғажайып білім әлемі»
Сабақтыңмақсаты:
1. Түзете-білімділігі: Балаларды1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауға, цифрды заттың саныменсәйкестендіре білуге бекіту.
2. Түзете-дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, өз дербестігін көрсете білуге үйрету, әртүрлітапсырмаларға ойланып жауап беруге жаттықтыру.
3. Түзете-тәрбиелігі: Балалардыңбілімге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойнату, көмек беру.
Қажетті-көрнекі құралдар: проектор, слайд;
Қажетті-құралдар:суреттер.
Сабақтыңбарысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
Шаттық шеңбері:
Жарқырағанкүндейміз,
Жайнап өскенгүлдейміз.
Біз әдептібаламыз,
Сан есептіңсарайың.
Бірге қане ашайық.
ІІ. Жаңасабақ
— Балалар,бүгін біз сіздермен ойнаймыз, санаймыз, өз білімдерімізді көрсетеміз.
Дидактикалықойыны: «Санауға үйренеміз»
Мақсаты:Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Балаларсаусақтарды бүгу арқылы сандарды қөрсетеді.
Дидактикалықойыны: «Санамақ»
Мақсаты:Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Балаларсанамақ айту.
Кел санайық,санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.
— Жарайсыңдар,балалар.
Дидактикалықойыны: «1-ден 5 –ке дейін сандарды тура және кері санау»
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Балаларсандарды тура және кері санау, рет-ретімен орналастыру.
— Жарайсыңдар,балалар.
Дидактикалықойыны: «Қанша?»
Мақсаты: Берілгентапсырмалар арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту.
Шарты: Балалар цифрдызаттың санымен сәйкестендіру.
Дидактикалық ойыны:Интерактивтік тренажёр «Кірпігекөмектес»
Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Балалар сандардықосып цифрды табу керек.
ІІІ.Сергіту сәті
Қане достым аңқайма,
Менімен бірге қайтала.
Барша қимыл бес -бестен,
Көзіңді қысамыз бес рет,
Басыңды еңкейт бес рет.
Иықты көтер бес рет,
Солға — оңға бес рет
Орныңда секір бес рет.
Ентігімізді басамыз,
Орнымызды табамыз.
ІҮ. Бекіту
Дидактикалықойыны: «Санау және санды құрастыру»
Мақсаты: Балалардыңесте сақтау қабілетін, ұсақ моторикасын дамыту.
Шарты: Заттардысанау және бірнеше бөлікке бөлінген суреттерді құрастыру.
Ү.Қорытынды
Шаттық шеңбері:
Сүйікті балғынбала шақ,
Сендердікіболашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
ҮІ.Бағалау
— Балалар,бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.
Облыстықбалалар оңалту орталығы
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тақырыбы:
Дефектолог:Менлибаева Майра
Қызылорда
