X-PDF

Баяндама Физика пәнін оқытудағы жетістік

Поделиться статьей

                                                                                          

                                               Өтінім қағазы

                                            

 

 

 

 

  Баяндаманыңтақырыбы: «Оқумақсаттарына қол жеткізуде оқушы шығармашылығын дамыту»

1.      СартбайқызыАқсәуле

2.     Жүзімдікжалпы орта мектебі МКМ

3.    Sartbaikyzy.1982SA@mail.ru

4.     87054375803

 

 

 Бұл баяндамада,кейбір оқушылар  пәнді оқытуда БЖБ, ТЖБ, қортындысы бойынша жақсы деңгейдемеңгере алмаса да, пәнді практикалық тұрғыда жақсы меңгеруі- қоғамныңқажеттілігі екендігін, осындай оқушыларды оқу мақсаттарына сай  шығармашылықжұмысқа баулу жағдайлары,оқытудың мақсат,мазмұндық сипатты туралы жазылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Жүзімдікжалпы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

        Баяндама

        Тақырыбы:Оқу мақсаттарына қолжеткізуде оқушы шығармашылығын дамыту

 

 

                                                                 

 

                                                        Орындаған: Сартбайқызы Ақсәуле

                                                      Физика пәнінің мұғалімі

 

 

                                              2022-2023оқу жылы

                                              Сан мың шақырымдық  жолдың өзі          

                                                  алғашқы қадамдардан басталады….

 ТұңғышЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті бір жолдауында: «Әр қазақстандық өмірбойы білім алуды өзінің жеке кредосына айналдыру керек» деген. Олай болса  күнненкүнге прогресшіл дамып келе жатқан  біздің ғасырда адамзаттың барлық дүниегеқолжетімділігі орынды.Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордыңда әсері бар. Дамыған мемлекеттер сияқты Қазақстан даәлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орын иеленуге өзінің үлесін қосуда.Білім берудің ең негізгі мәселесі — жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және рухани, күш-қуатмүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерінқалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке адамның жәнеэстетикалық тәрбиесін дамыту.Сондықтан бүгінгі білімберудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай қоғамдық салалардыңбарлығын ақпараттандыру, оқу үдерісін қарқындандыру негізгі жалпы білімдіжаңғырту.  Мұндай таудай биік мақсаттардың орындалуында Қазақстанныңэкономикасын орнықты дамуы, білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігінарттыру үшін оқушыларға ғылыми-техникалық білім беруде мектептегі физикасабағының  атқарар қызметі мен қосар үлесі зор.    

  Осы   жұмыстыжазу барысында менің  ойымда бірнеше сұрақтар болды, осы мен ұсынғалы  отырған жұмыс сапасы  білім беруді дамытуда қаншалықты қажеттілікке ие, бұл жұмыстанәріптестерім өз практикасында кездесетін қандайда бір мәселені  аз ғана болсадашеше алады  ма? деген сияқты….

   Педагогикағылымы күн сайын дамып, оқыту мазмұнының сапасы, жүйелілігі  озықпедагогикалық  идеялармен толығып, жаңашыл педагогтардың идеясымен жаңарыпотыратыны сөзсіз.  Өз заманында ағарту саласының  іргетасын қалаған ұлыағартушы Ы.Алтынсариннің еңбектерімен «Ұлы дидактика» еңбегінің авторыЯ.А.Каменскийдің тұжырымдарынан бастау алатын педагогика саласында,  яғни білімберудің ең озық технологияларымен құрылымдалған  жаңартылған білім берумазмұнында оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін  функционалдық сауаттылықарқылы  дамыту мен сабақ жүргізетін физика пәнінің өн бойындағы күретамырыіспеттес.

 Мен еңбек еткен он жеті жыл уақыт ішінде өз практикамда түрлі педагогикалық жағдаятармен бетпебет келіп оны шешу жолдарында  оқушы қызығушылықтарын ескеріп, өзмүмкіндіктерін дұрыс қолдануға үйрету қажеттілігін ұғындым.

Тарихтағы белгілімына тұлғаларға қарасақ, Әйгілі өнертапқыш Т.Эдисон, атақты «Apple»компаниясының негізін қалаушы С. Джобс.                         Бұл тұлғалардыңбиографиясында мектеп қабырғасында  өте бұзақы, қабілеттері төмен болғандықтарытуралы айтылған, бұл әрине  таң қалатын нәрсе болмауы мүмкін. Себебі сондай оқушылар қазір біз оқытып отырған оқушылар арасындада кездеседі. Оны кез келгеносы саладағы адамдар жоққа шығара алмайды. Менің де айтпағым, осы оқушыларғажаңартылған білім беру мазмұнында, жалпы оқыту процесінде «не  бере алыпжатырмыз,қалай оқытып, қалай бағаласақ оң нәтижеге қол жеткіземіз» дегенсұрақтарға жауап ретінде титтей де болса өз тәжірбиеммен бөлісу болып отыр.

Әлемдік білімберуге көз жүгіртсек;  пәнді меңгерту, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйретуде дамыған елдер қатарындағы Сингапур, Корея, Тайваньелдерінде  оқушыларға «пәнді меңгеруде не болмаса оқуда проблема бар ма?, ондаоның міндетті түрде шешімін табуың  тиіс» деп оқытады деп жазады баспасөзматериалдарында. Білім беруде инновациялық технологияларды ұсынған көшбасшыелдердің бірінде:  «Қарапайым еден жуушының өзіне келісімшарт жасасып,максималды айлық  жалақы ұсынады екен, себебі ол жұмысшы сол өзі еңбек еткенуақыт аралығында өз ісін мейлінше жеңілдетуге арналған жаңалық  аша білу қажет,олай болмаған жағдайда өзіне төленген барлық қаржы жұмыс берушіге қайтарыладыекен.»

  Осыдан шығатынқортынды жұмысшы жатпай тұрмай өз еңбек ақысын сақтап қалу үшін аянбай ізденедіемес пе?  Және осы жүйе қалыптасқан ел,  дүниежүзілік сауда ұйымының  алдыңғықатарлы мемлекеті. Әлем елдерінің  интернет желісіне қосылу үшін қажеттімодемдердің  тоқсан сегіз пайызын   қамтамасыз етіп отыр.

  Міне осы атапкөрсетілген  жағдайларға орай, мектептерде пәнді оқытуда БЖБ, ТЖБ, қортындысыбойынша жақсы деңгейде меңгере алмасада пәнді практикалық тұрғыда жақсымеңгерген оқушы- қоғамның қажеттілігі екендігі туындап отыр.

  «Әр сабақжаңадан жаңалық табу» деп Ж.Аймауытов айтқандай күнделікті сабақ  жүргізуде мен пән бойынша МАН басшылыққа алып, педогог зерттеуші біліктілігіме сүйенеотырып, саралап оқыту мен белсенді оқу тәсілдерін қолдана отырып,сабақжүргіземін. Сабақ үстінде қалыптастырушы бағалау кезінде  А,В,С деңдейліоқушылармен критериийлер бойынша бағалау жүргізу  басқа мұғалімдердегідей меніңде ажырамас құралым. Дегенмен,   мен анықтаған  проблема:  қазіргі күнітоғызыншы сынып оқитын Оралбекұлы Нұрлан есімді оқушымның оқу үлгерімінбағалаудағы қиындықтар болып отыр. Олай дейтін себебім; бұл оқушым пәндітеориялық  меңгеруде қиналғанмен, күнделікті өмірде бірнеше физикалықзаңдылықтарға сүйеніп,шығармашылық жұмыстар жасай алады. Жас ерекшелігінеқарамастан бұзылған көліктерді жөндеп, қайықтар мен кішкентай агрегаттардыңсұлбасын сызып, жарамсыз заттардан қажетті бұйымдар жасай алатын қабілеті бар.Бұзылған қалта фонарын, теледидар пульттерін жөндеп, үнемі бірдеңелерменайналысып жүреді.Ауыл шаруашылығына қажетті шөп турағыш, жемтартқышагрегаттардың жұмыс жасау принциптерін түсініп, толық болмасада біршамасын жасай алады.   Өз сыныптастарына қарағанда сыныпта үлгерімі  өте нашар осыоқушым үшін бағалау қаншалықты әділ жүргізілетіні маған  осы идеяны ұсынуымасебеп болды.

Өз практикамдабұрынырақ та  осындай оқушылармен: атап айтсам; мектептің «2010-2011» оқужылындағы түлектері  Үсенбектегі Қали, Совет Олжас, «2006-2007» оқу жылындағы түлегіміз  Қалтаев Арманмен жұмыс жүргізу барысында  осындай проблемалартуындаған.  Ол кездеде аталған оқушыларымды  практикалық шығармашылықжұмыстарға баулу арқылы шешімін тапқанмен, нақты жұмыс формасын реттейалмағанмын. Дегенмен азда болса, өз үлесімді қосқанымды сол  шәкірттерім айтқанкезде,  осындай оқушылармен көбірек жұмыс түрлерін атқаруым керектігінтүсіндім. 

  Олар қазіргікезде өз саласының белгілі мамандары  Олжас пен Қали  Отандық өндіруші белгілікәсіпкер Т.Ысқақовтың  «Бал тесктиль» кілем өндіріс зауытында бас маманқызметтерін абыроймен атқаруда. Тіпті өз білімдерін Түркия мемлекетінде оқумерзімдері бойынша жетілдіріп келіп жұмыстарын  жасауда. Ал Арман болса мықтыэлектрик. Өз ауылымызда салынған мектеп ғимаратының  түгел электрлендіружұмыстарын жүргізді.

 Жалпы айтқанда, Нұрлан сияқты оқушылардыңпәнді меңгеру аспектілерін шығармашылық құзыреттіліктерін қалыптастыруды,практикалық есептер мен тапсырмалар беру арқылы жүзеге асырдым.  Ал бағалаубарысында БЖБ ТЖБ ны сол оқушымның қажеттілігіне орай ыңғайластырып беруімкерек болды. Әрине осы орайда мынадай сұрақ туындауы мүмкін; «Сонда білім берустандарттары орындалмай ма?» деген. Жалпыға ортақ білім беруде сабақ тақырыбынасай оқу мақсаттарының қолжетімділігі маңызды болып табылады, сол себептібағалау өлшемдеріне қол жеткізуде оқушыларға ұсынылатын осындай жұмыстардыңбелгілі бір пайызын практикалық жұмыстар орындауға бағыттадым. Бұл өз кезегіндепроблемадан шығудың бірден бір жол болып табылады.

                                 Идеялықжұмысымның  құрлымы

     Идея

      сұрақ

    Іс әрекет

     нәтиже

Оқу мақсатына қол жеткізуде  оқушылардың өз бетінше орындайтын практикалық жұмыстарын үйлестіру

 Бағалау өлшемдеріне қаншалықты сәйкес келеді?

 Кейде сабақ үстіндегі қалыптастырушы бағалауға арналған үлестірмелі материалдарды  немесе БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын практикалық жұмыстар формасында ұсыну

 Теориялық білімді меңгеруде қиналатын   оқушы қажеттілігін  қанағаттандыру

 

 

 

 

 

 

 

Представленная информация была полезной?
ДА
58.98%
НЕТ
41.02%
Проголосовало: 1002

 

 

 

 

 

 

 

Стив

 

Үлкен жұмысты жүзеге асырудың бір ғана амалыбар – оны ұнату.  
Егер б
ұғантоқталсаңыз, күте тұрыңыз
Ж
ұмыстытастамаңыз.Басқа жағдайлардағыдай, өзіңізге қызықты жұмысты таңдауға жүрегіңіз көмектеседі
Стив Джобс

Қазіргікезеңде білім беру ісіне жаңа сапалы деңгейге көтерілуіне кедергі келтіріпотырған проблемаларға мыналарды жатқызуға болады:

        білім мазмұны бойынша: мұғалімнің ақпаратты оқушығадайын (өңделген) күйінде бере салуы, оқушының пəндерді оқуда білімді жай ғана«қағып алуға» бағдарлануы;

 

        оқытуүдерісіндегі қарым-қатынас бойынша: мұғалім мен оқушы арасында қатынасқасубъект-объект сипатының тəн болуы, оқушының мұғалімді жəне оқулықты дайын оқуапаратынының көзі ретінде қабылдауынан енжар келуі;

        оқытунəтижелері бойынша: оқушы іс-əрекетінің репродуктивті деңгейі, оқушы

игергенпəндік білім-біліктің сандық мөлшерін бағалануы.

Жаңартылған білім берубағдарламасының мазмұны қолданыстағы жүйенің осындай кемшіліктерін еңсеругебағытталған.

 

ОҚЫТУМЕН ОҚУ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ

Оқуда ерекше қажеттіліктері бар жəне қабілеттіоқушыларға, мəселен, айрықша қажеттіліктері бар қабілетті оқушыларғабағытталған сұрақтарды жоспарлап жəне əзірледім, қателіктердіжібермей, төменгі деңдейдегі сұрақтардан гөрі Блум таксономиясы бойынша жоғарыдеңгейдегі ойлауды қажет ететін бағалы ашық сұрақтарды көбірек қою арқылыоқушыларды белсенді əңгімеге тартып, сыни ойлауын дамытуы табысты сабақтықамтамасыз етеді деп ойлаймын.

Айғақтар мен заңдарды,тарихи даталар мен оқиғаларды білу маңызды бола тұра, ақпаратты ақылмен түсініпқабылдау жəне саналы түрде өңдей білу, ондағы айтылған негізгі идеяларды жəнеолардың өзара байланысын көре білу, қажеттісін таңдап, дұрыс еместерініңқателерін көрсетіп дəлелдеу, яғни, талдау жəне бағалау өте маңызды. Қазіргі ғарыштапдамып жатқан өзгермелі əлемде балаларды тек осындай əрекеттер ғана өміргебейімдей алады.

                      Физика сабағындажұмыс барысына шолу

 

 Эксприменттікжұмыстар жасап, оның қорытындысын шығару жəне оқушылардың не үйренгенінтүйіндеу; оқушылардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету;оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларынұсынуға шақыру; физиканың басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру;оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру арқылы

        оқушылардың қызығушылығын жоғалтпайтын əрікөп күттірмейтін тапсырмаларды, жаттығуларды жəне ресурстарды беріп,

 

оныңжеке жұмыс істей отырып, өздігінен ресурстарды тауып, жетістікке жетеалатындығына көз жеткізгім  келді.

 

 Оқушының білім алу үдерісінде оныңоқу мақсатына жету үшін өзіндік реттелуі арқылы ойлау жəне іс-əрекетінжоспарлау дағдыларын дамытудың маңызы зор. Физика сабағында теориялық мəтінді,графиктерді, кестелер мен сызбаларды жəне формулаларды талдау сияқты оқуматериалдарын талдаудың барлық түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Оқушыларфизикалық заңдарды тұжырымдауға, болжамдар ұсынуға жəне тексеруге, физикалықесептерді шешу жолдарын анықтауа, физикалық шамалар мен құбылыстардыңсипаттауға, физикалық ұғымдарға өз бетінше анықтамалар беруге үйренеді. Мұныңбарлығы оқушының өз бетінше білім алуына , оқу ақпараттарын кез келген түріндежəне əртүрлі өмірлік жағдайда тиімді пайдалана білуіне мүмкіндік береді.

 

 

 Оқумақсаттарына тиімді қол жеткізуде Зерттеудің алты қадамын басшылыққа аламын.

 

1.  Тапсырманыанықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен неістеймін? Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Менөз жұмысымды қалай таныстырамын?

 

2. Ақпараттыңорналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Маған кімкөмектесе алады?

3.   Тиістіресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма?Мен нені сақтауым керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстарқаншалықты сенімді болып табылады?

 

4.                                            Ақпараттыұйымдастыру: Менжазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба? Мен оларды қалай ұйымдастырамын?Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?

5.  Идеяларды ұсыну: Менен өзжұмысымды қалай таныстыру талап етіледі? Мен оны қалайқұрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тілтабыса аламын ба?

6.     Дайынболған өнімді бағамдау: Мен бір нəрсені қалдырыпкеттім бе? Менің жұмысымның мəні бар ма? Мен орфографиялық жəнеграмматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқығанадамның алдында мақтаныш сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?

7.               «Физика» пәнін оқытудың мақсаты – функционалдықсауаттылықты дамыту негiзінде оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін,танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылыққабілетін қалыптастыру: білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемніңжаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру. Функционалдықсауаттылықты жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылықалыптастыру ұсынылады [1].

8.                

9.               Жоба – пәнаралық және шығармашылықпенкіріктірілген бағдарлы жұмыс түрі [2]. Физика сабағында оқу үдерісінұйымдастырудың табысты жолдарының бірі – жоба әдісі. Бұл әдіс оқушылардыңқандай да бір мәселені өздігінен зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшіліккетаныстырып жариялаудан тұратын оқу-танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығын қамтиды.Жоба жұмысы барысында оқушылардың коммуникативтік, күрделі мәселелерді шешужолындаға ізденістік және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дамитүседі. Сонымен қатар жоба жұмыстары пәнаралық байланысты нығайтып, екі немесеодан да көп сабақтар бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндікбереді. Жоба әдісін қолдану сабақта мұғалім қызметінің өзгеруіне әкеледі:мұғалім дайын білімді берушіден өз оқушыларының ізденістік, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы танымдық әрекеттерін ұйымдастырушығаайналады. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс орындалатын жоба жұмыстарынорындау барысында оқушылардың зерттеушілік дағдылары жетіліп, ішкі уәжі артатүседі. Оқушылар білімді өздігінен ізденіп, оларды талдап, дамыту арқылықорытынды жасап, жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды жүзеге асырады.

10.          Физиканы оқытуда ұсынылған жобалықжұмыстардың тақырыбымен қатар – «Қазіргі әлемдегі нанотехнология», «Су құбыры»»«Су көлiгi», «Ауада ұшу», «Ең қуатты машиналар», «Тiрi табиғаттағы қуат жәнежұмыс» (7-сынып), «Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу», «Жылу берудегіконвекцияның орны», «Жылу құбылысының тірі организмдегі ролі», «Суық кездегіадам», «Жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi», «Жылуқозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы», «Жылу машиналары жәнетабиғатты қорғау», тақырыптары осындай  оқушылырдышығармашылыққа бастайды.

Бағалау үдерісінтиімді түрде өткізу үшін :

 

  оқумақсатына сəйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

 тапсырмалардыбағалау критерийлеріне сай құрастыру жəне дескрипторлар анықтау;

  оқушыларғатиімді кері байланыс беру ұсынылады.

 

Бағалаукритерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды жəне Блум таксономиясыдаберілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін — білу мен түсіну, қолдану,анализ, синтез жəне бағалауды көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқумақсаттарына сəйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.

 

Оданкейін мұғалім бағалау критерийлерін сəйкестендіріп, оқушылардың жекеерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма жəне оның дескрипторларынқұрастырады. Дескрипторлар тапсырманы орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды,нəтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан олардың түсінікті болуы қажет.

Сабақтыжоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар

 

Сабақ педагогикалықтуынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі.Əрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту,дамыту, тəрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқыдайындықтан басталады, олай болса оқу мақсаттарына қолжеткізуде оқушыны шығармашылыққа бастауымыз қажет.

 

 

                        

 

 

 

                                   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 


Поделиться статьей
Автор статьи
Анастасия
Анастасия
Задать вопрос
Эксперт
Представленная информация была полезной?
ДА
58.98%
НЕТ
41.02%
Проголосовало: 1002

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram

ОБРАЗЦЫ ВОПРОСОВ ДЛЯ ТУРНИРА ЧГК

Поделиться статьей

Поделиться статьей(Выдержка из Чемпионата Днепропетровской области по «Что? Где? Когда?» среди юношей (09.11.2008) Редакторы: Оксана Балазанова, Александр Чижов) [Указания ведущим:


Поделиться статьей

ЛИТЕЙНЫЕ ДЕФЕКТЫ

Поделиться статьей

Поделиться статьейЛитейные дефекты — понятие относительное. Строго говоря, де­фект отливки следует рассматривать лишь как отступление от заданных требований. Например, одни


Поделиться статьей

Введение. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси

Поделиться статьей

Поделиться статьей1. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси. Специфика периода феодальной раздробленности –


Поделиться статьей

Нравственные проблемы современной биологии

Поделиться статьей

Поделиться статьейЭтические проблемы современной науки являются чрезвычайно актуальными и значимыми. В связи с экспоненциальным ростом той силы, которая попадает в


Поделиться статьей

Семейство Первоцветные — Primulaceae

Поделиться статьей

Поделиться статьейВключает 30 родов, около 1000 видов. Распространение: горные и умеренные области Северного полушария . многие виды произрастают в горах


Поделиться статьей

Вопрос 1. Понятие цены, функции и виды. Порядок ценообразования

Поделиться статьей

Поделиться статьейЦенообразование является важнейшим рычагом экономического управления. Цена как экономическая категория отражает общественно необходимые затраты на производство и реализацию туристского


Поделиться статьей

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram
Заявка
на расчет