X-PDF

Дистанционные курсы для педагогов

Поделиться статьей

МаликоваВенера Канатовна

Алматыоблысы Талдықорған қаласы

                                                      «Тарих» мамандығы  бойынша педагогика

                                                                                     ғылымдарының магистрі

 

Әл-Фарабимұрасының қазақ даласына оралуы

      Биыл қаңтарайында «әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығынатап өтуге қатысты іс-шаралар басталып кетті. Осы орайда, әлемніңалпыс шақты елінде болып, Қазақстанын, қазағын насихаттаған және ол елдердеқазақ тарихына байланысты дерек ести қалса, оны тәптіштеп біліп, жазып алып,еліне, халқына асыға жеткізіп жүретін қаламгер Әнуар Тұрлыбекұлы еріксіз ескетүседі.

      Талдықорғаноблысы Үйгентас ауданындағы Қарлығаш ауылында дүниеге келген Әнуар 1949 жылыЛепсі педагогика училищесін, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетініңжурналистика факультетін тәмәмдады. Журналшы қызметін облыстықАлматинская правда газетінен бастап,1955 жылдың наурыз айынанЛитературная газетаның Қазақстан мен Орта Азиядағы меншіктітілшісі, кейінірек: Ленинская смена газеті редакторының орынбасары; «Правда» гәзетінің Орта Азия мен Қазақстандағы меншікті тілшісі;Қазақфильм киностудиясының Бас редакторы; Қазақ әдебиеті газетінің Бас редакторы; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының1-хатшысы (1971- 1979 жылдары. Бұл мерзімде КСРО Жазушылар одағы басқармасыныңда хатшысы болды), одан соң: Автор құқын қорғау жөніндегі Бүкілодақтықассоцияцияның Қазақ бөлімінің басшысы; Тарихи және мәдени көне ескерткіштердіқорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының, Қазақстанныңкоммерциялық «Таң» теле-радио ассоцияциясының төрағасы болды. ҚазақстанМәдениет қорының төрағасы қызметін атқарды. Республика Жоғарғы Кеңесідепутаттығына төрт   мәрте сайланды.  Жоғарғы Кеңес президиумынабірнеше рет мүше  болды. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа сайланды. СОКП-ныңXXIV және XXV-құрылтайларының делегаты.

       Ә.Әлімжанов КСРО-ның Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс комитетітөрағасының орынбасары; Африка халықтарымен достықтың КСРО Ассоциациясыбасқармасының, Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының,Азия және Африка жазушылары ассоцияциясы мен  Еуропа мәдениетіқауымдастығының  мүшесі, «Қазақстан-Жапония» халықаралық қоғамыныңпрезиденті болды. Азия және Африка жазушыларының 1973 жылы Алматыда өткізілгенV-конференциясын ұйымдастарды. Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуын атапөтудің  ұйтқысы болды. 1991 жылдың басында Қазақстан Социалистік партиясының  төрағалығына сайланды.

      1991 жылғықазан айының 29-ынан желтоқсанның 26-сына дейін КСРО Жоғарғы кеңесініңРеспубликалар кеңесін басқарып, 26-желтоқсанда КСРО-ның ыдырауы туралыдекларацияға қол қойды.

      Ә. ӘлімжановҚазақстан Ленин комсомолы, Қазақ КСР Мемлекеттік, Халықаралық Дж. Неруатындағы, Агустино Нето атындағы силықтардың, Конго республикасы, «Лотос»журналы силықтарының, Құрмет белгісі, «Халықтар достығы»ордендерінің иегері, Қазақстанның Халық жазушысы атанды.

     Осы реттеойыңа Әнуар аға Әлімжанов оралады: туған жұртынан шалғайға кетіп, даңқы шыққанбабасын жусан иісі бұрқыраған даласына «алып келген» Ә.Әлімжанов.

     1973 жылыАлматыда өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында ұлы ғұламаның есімінұлықтап, үлкен жиын жасаған да сол Әнуар аға болыпты.

     Баба бейнесінқағазға түсірткен де Ә.Әлімжанов екен. Ғаббас Қабышұлы жазады, былай деп: «1967жылы болар, шет елдерге кезекті бір сапарында Қараши қаласына ат басын тірегенӘнуарді Пәкістанның көрнекті суретшісі Салых Айын Орталық банк ғимаратындағыСуреттер галереясына алып барыпты. Ішкі қабырғаға майлы бояумен салынған көнесуреттер арасында қазақы реңді бір кісінің домбыра ұстап тұрған суретін көреқалған Әнекеңнің: «Бұл кім?» дегеніне Салых: «Бұл — Әбу Насыр Мұхаммедәл-Фараби. Әбу Синадан бастап барлық ғұламаларымыздың екінші ұстазы. Біздіңосында орналасқан кітапханамызда Аристотельдің, Эвклидтің, Птоломейдіңеңбектеріне жазған түсініктері, өзінің көптеген жазбалары бар»,  деп жауапқайырыпты. Әнуардің сол сәтте қандай сезімге бөленгенін ойлап байқаңызшы!.. Олсол суретті Айынға көшіртіп алып, елге оралысымен қылқалам шеберіміз Ыбыраев Беккетолықтыра айтып отырып салдырып, бабамыздың бүгінде бізге қымбат бейнесін алғашжасатты, «Ұстаздың оралуы» атты роман жазылды! Фарабитануды негіздеген ғалымМашанов Ақжан ағамызбен қанаттасып, әл-Фараби еңбектерінің насихатталуына көпкүш жұмсады».

      ҚазақстандаӘбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары менәрекеттері ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитанудыңәлемдегі ең үлкен орталықтарының біріне айналды. Қазақстандық фарабитанудыңбасында, негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселенікөтеруші ретінде А.Машани есімі аталса, ал 1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия жәнеқұқық институтында «Әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ» құрылды,топты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессорА.Х. Қасымжанов үйлестірді.

      ӘбуНасыр әл-Фарабидің өмірі мен энциклопедиялық ғылыми мұрасы, рухани әлемі оныңкөзі тірі кезінде-ақ сол заман ғалымдарының назарын өзіне аудара бастаған.Фараби өмірден өткеннен кейін бұл зерттеулер бүгінде әлемнің алуан тілдежазатын ғалымдар шығармаларымен толығып, «Фарабитану» атты тұтас бір ғылымсаласына айналды. Фарабитануды құрайтын сол мұраны шартты түрде бес топқажіктеуге болады. Бірінші топқа ортағасырлық араб, парсы ғалымдарының жазбаларыкіреді. Екінші топқа фарабитанудың тағы бір үлкен саласын ХІХ-ХХ ғғ. Мысыр,Сирия, Ливан, Иран және Ауғанстан ғалымдары толықтырды. Фарабитанудағы үшіншітопты батыс авторлары құрайды. Бұл саладағы Фараби мұрасына қызығушылық ХVғасырдан басталады. Фарабитанудағы төртінші топқа патшалық Ресей және кеңесзаманындағы шығыстанушылар жатса, фарабитану ғылымының бесінші тобынатүркітілдес халықтар ғалымдарының еңбектерін жатқызуға болады.

      Қазақстандықфарабитанушылардың отандық фарабитануға қосқан үлесіне тоқталатын болсақ,белгілі фарабитанушылардың бастауымен әл-Фарабидің еңбектері қазақ және орыстілдерінде жарық көрді. А.Х.Қасымжанов үйлестірген «Философия тарихы жəнеҚазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар» бөлімі жанынан құрылған шығармашылық топтаИ.О.Мұхаммед (Иран), Еуропа тілдерінің маманы Б.Я. Ошерович, шығысматематикасының маманы А.Қ. Көбесов, арабтанушылар А.С. Иванов, К.Х.Таджикова,Н. Караев сынды ғалымдар болды, сонымен қатар мəскеулік арабтанушылар Б.Г.Ғафуров және А.В. Сагадеевпен байланыстар орнатылды. Осы ғылыми шығармашылықтоптың арқасында ұлы ғұлама философ əл-Фарабидің шығармашылығымен,қолжазбаларымен мұқият танысуға зерделі зерттеулер басталып кетті. Өткенғасырдың соңғы ширегінде А.Қасымжанов, М.Бурабаев, Ә.Дербісалиев, Қ.Жарықбаев,Г.Шаймуханбетов, С.Сатыбековалардың еңбектері қазақстандық фарабитанукеңістігін ұлғайта түсті. Алғаш рет əл-Фарабидің «Философиялық трактаттары»,«Əлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Математикалықтрактаттары», сондай-ақ «Птоломейдің «Алмагестіне» түсініктеме» атты мирастарықазақ-орыс тілдерінде жарық көрді.

     1970жылдары кеңестік қоғамның академиялық ортасында әл-Фарабидің (870-950)философиялық мұрасына ерекше қызығушылық пайда болды. Бір қарағанда, осыбір  асыл  мұра Орталық Азиядағы ойшылдың отанында, сондай-ақ, Ресеймен бүкіл Кеңес Одағында зиялылар  қауымына енді ғана белгілі болабастаған  немесе ежелден беймәлім сияқты көрінді. Бұл қызығушылық белгілібір дәрежеде Ресейде білім алған және академиялық шыңдалудан өткен ортаазиялықфилософтардың өз өңірлерінің зияткерлік келбетін жасауға деген ұмтылысынантуындады. 1970 жылы Алматыда әл-Фарабидің таңдамалы философиялық трактаттарыүзінділерінің аудармасы жасалды, одан кейін математика, әлеуметтік-этикалықмәселелер, логика бойынша трактаттарының үзінділері жарыққа шықты. Бұдан әрікеңестік идеологияның қағидаларына сәйкес жасалған философия тарихына әл-Фарабидің қосқан үлесін қорытуға арналған еңбектер пайда бола бастады.

Қазақстандаәл-Фараби есімі ХХ ғасырдың 70-жылдары айрықша танымал болды. Бұл, ең алдымен,әл-Фараби ғұмырнамашыларының  IX-X ғасырларда бүгінгі Қазақстанныңаумағында орналасқан Фарабты оның отаны деп санауына байланысты еді. Әл-Фарабиеңбектерін қазақ-орыс тіліне аудару үшін белсенді жұмыстар жүргізілді. Оныңмұрасына арналған көптеген мақалалар мен бірқатар көркем шығармалар жазылды,оның есімімен көшелер мен ғылыми орталықтар аталды. Алайда жетпісінші жылдарданкейін осы ойшылдың мұрасын зерттеу қандай да бір жаңа маңызды жаңашылдыққаәкелген жоқ. Оның үстіне жетпісінші жылдары жасалған еңбектер ат төбеліндейфилософтар мен шығыстанушыларға ғана түсінікті болды және тарих, философиябойынша жалпы білім беретін курстарға қажетті көлемде енгізілген жоқ. Әл-Фарабимұрасына кеңестік гуманитарлық ғылымның саяси-тәрбиелік аясында алғашқы қатарғаоның әлеуметтік көзқарастары шығарылды. Олар негізінен жалпы «әлем бейнесінен»алшақтықпен түсіндірілді.

      70-жылдардағыкеңестік ғылымдағы әл-Фараби еңбектеріне қызығушылық біраз жыл өткеннен кейінғана қайта  жанданды. Әл-Фараби сияқтығаламдық тұлғаның еңбектері көп уақыттан бері әлемнің көптеген ғалымдарытарапынан зерттелініп келеді. Біздің еліміздегі зерттеулер осы үлкен үдерістіңжалғасы десем де болады. Әл-Фараби есімі көптеген Еуропа елдеріне ертедентанымал болып, ХII-ХIII ғғ. өзінде-ақ оның философиялық трактаттары ежелгіеврей және латын тілдеріне аударылды. Бірақ әл-Фараби мұрасын жүйелі әрі нақтызерттеу оның трактаттарының мәтіні мен аудармаларын басып шығарумен қатар,зерттеу жұмыстары ХVIII-XIX ғғ. ортасында шыға бастады. Ортағасырлық Еуропаклассикалық ежелгі грек философиясымен көп жағдайда әл-Фараби еңбектері арқылытанысты. Мәселен, XII ғ. кезінде оның «Ғылымдар классификасы» деген еңбегілатын тіліне екі рет аударылды. «Альфарабиуса» – «Сананың мәні туралы»,«Сұрақтар негізі» және Аристотельдің «Физика», «Поэтика» еңбектерінетүсініктемелері, «Бақыт жолы туралы» және логикаға байланысты трактаттары менбасқа да еңбектері XII ғ. бастап XVII ғ. дейін латын тіліне бірнеше ретаударылды. Философтың кейбір трактаттары осы күнге тек латын тіліндегіаудармалар арқылы жетті, ал араб тіліндегі кейбір қолжазбалары, өкінішкеорай,  сақталмаған.

Представленная информация была полезной?
ДА
58.11%
НЕТ
41.89%
Проголосовало: 900

     Әл-Фарабидіңкеңестік ғылымға қайтып оралуы жөнінде айтатын болсақ, орыс тіліндегі «Еуропалықэнциклопедияда» келтірілген материалдарға ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынадейін айтарлықтай назар аударылған жоқ. Бұл Кеңес Одағындағы гуманитарлықғылымның дамуының бірқатар ерекшеліктеріне байланысты болды. Олардың ішіненжаңадан жасалған марксистік-лениндік ілімнің басымдықтарына академиялық пәнретінде философияның бағындырылуын атауға болады. Онда ислам философиясындағыараб-мұсылман ойшылдарының іліміне орын табылған жоқ.

      «Классикалық» шығыстану саласында кеңестік мерзімде тарих, лингвистика жәнеәдебиеттану бойынша зерттеулерге баса мән берілді. Шығыс философиясы бойыншаеңбектерді зерттеу үшін шығыстанушыларға, тіпті жақсы тілдік дайындық кезіндеде әл-Фарабиді түсіну үшін өте қажет көне грек философиясы бойынша білімжетіспеді.

       Еуропадафилософия тарихы бойынша зерттеулер жалғасып жатқан кезде, Кеңес Одағындаорыстілді оқырманға аса таныс емес және Құдайды жоғарғы ақыл-ойдың сатысы жәнемәннің ең бірінші себебі ретінде түсіндіретін, өткен кезеңдегі шығыс ойшылыныңмұрасына бет бұруы мүмкін емес болатын.

      Мұсылмандықфилософиядағы әл-Фарабидің орны және араб әлеміне Аристотельдің ықпалы туралыМадкуридің 1934 жылы Парижде шығарған еңбектерін, сондай-ақ әл-Фарабидің латынтіліндегі ортағасырлық аудармалары туралы Бедоренің 1938 және Салмонның 1939мақалаларын да кеңестік ғалымдар бірден байқай қойған жоқ.

      Әл-Фарабимұрасына бет бұру ұлтшылдықпен, космополитизммен және «басқаша ойлаудың»осындай көріністерімен күрес жөніндегі идеологиялық науқан бәсеңсігеннен кейінғана мүмкін болды. Бұрынғысынша, «құдай іздеушілікпен» тығыз байланыстытақырыптар жетістікке үміттене алмады және теология тұрғысында мұсылманфилософтары еңбектері зерттеулерінің кеңестік академиялық институттардамақұлдануы да екіталай еді. Алайда, «парасатты ойды» іздеуде тәжірибежинақтаған кеңестік ғалымдар жаңаша «тұжырымдаудың» – пәнді оңтайландыру арқылыөз зерттеулеріне жол таба білді.

      Әл-Фарабидіңбай философиялық мұрасына философиялық көзқарас тұрғысында «парасатты ой»ретінде, бірінші кезекте, әлеуметтік философия мәселелеріне, әлеуметтік әділдікпен жалпы игілік проблемаларына арналған шығармалар іріктелді. 1978 жылы «ҮлкенКеңестік Энциклопедия» басылымында әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарастарыбаяндалған мақала енгізілді: «Әлеуметтік-этикалық трактаттарында әл-Фарабибилеуші-философ басқаратын, оған қоса  имамның, діни қауымның жетекшісіміндетін атқаратын, өздері ақиқаттың «белсенді зиятынан» алатын ақиқаттыобраздық-символдық формада жұртшылыққа беретін «ізгілікті қала» туралы ілімдідамытты. Әл-Фараби «надан қалаларды» жағымсыз адами қасиеттерді мансұқтайтынқалаларға қарсы қойды». 

      Ортағасыр кезеңінде әсіресе әл-Фараби өзінің философиялық жүйелі ойларымен, ғылымтарихында, логика, музыка теориясы, астрология, теоретикалық медицина,математика, мемлекет іліміне қатысты өзінің жарқын ойларын таныта отырып,әлемдік ғылымға өзіндік ізін қалдырды. Оның ойлары ибн Сина және ибн Рушдсияқты кейінгі философтармен жалғастырылып, Спиноза философиясына және оларқылы француз философиясына айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Демек, әл-Фарабифилософиясы тек Орта және Таяу Шығыстағы  әлеуметтік-философиялықидеялардың дамуына әсер етіп қоймай, Батыс Еуропаға да өз ықпалын тигізді депайта аламыз. Академик М.М.Хайруллаев айтқандай, «әл-Фараби философиясы ИбнБаджа, Ибн Туфейль және Ибн Рушд секілді аса көрнекті ғалымдарды дүниегеәкелген XI-XIII ғ.ғ. «арабтық» Испания және Солтүстік Африкадағы алдыңғықоғамдық-философиялық ойлардың дамуына шешуші ықпалын тигізді».

      Белгіліфилософ Ибн Баджа (XI ғ. аяғы – 1138 ж.) әл-Фарабидің бірсыпыра идеяларындамытты. Оның индивидтің мінезін кемелдендіруі мен бақытқа жету жолдарыбаяндалған «Жалғыз өмір сүру салты туралы» атты басты еңбегі әл-Фарабидіңәсерімен жазылған.

Әл-Фарабифилософиясы мен логикасы Ибн Туфейльге де (1110-1185) әсер етті, «Хай жәнеЯкзан ұлы туралы роман» деген еңбегінде ғылыми ойдың дамуына әсерінкөрсетеді. 

     

      Ұлыжерлесіміз, ғұлама ғалым әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейін маңызынжоғалтқан жоқ, мұраларының қазақ даласына қайта оралуы және оның мемлекетбасқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық, саяси, философиялық, діникөзқарастары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды.

      Қорытындылай келе ұлы адамдардың шығармашылығына зейін салып қарасақ, олар өззаманының перзенті ретінде өздері өмір сүрген дәуірдің айқындаушы бейнесі болыптабылады. Қазақ даласы Отырарда дүниеге келіп, түркілік дүниетанымныңмүмкіндігін әлемге паш еткен Әбу Насыр әл-Фараби адамзаттың кемелдікке дегенүздіксіз ұмтылысын бейнелейді! Батыс пен Шығыстың өркениеттер аралық сұхбаттастық идеалына жақындай түсуіне жағдай жасайды. Әлемдік өркениетте өз орнынойып алған ұлы жерлесіміз Әл-Фараби іліміне қайта оралу, танып білу, ұлтмүддесіне жарату – таусылмас рухани азық, баға жетпес рухани құндылық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Бертельс Е.Э. Избранные труды. Т.3. М., 1965жыл;

2.     Медетбаев Т. Әл-Фарабидің әдеби мұралары // Наследиеаль-Фараби и мировая культура. А., 2001жыл;

3.     Аль-Фараби. Трактаты о канонах искусства поэзии // Трактаты омузыке и поэзии. А., 1993жыл;

4.     Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. А., 1995жыл;

5.     Көбесов А. Әбу Насыр әл-Фараби. А., 2004жыл.


Поделиться статьей
Автор статьи
Анастасия
Анастасия
Задать вопрос
Эксперт
Представленная информация была полезной?
ДА
58.11%
НЕТ
41.89%
Проголосовало: 900

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram

ОБРАЗЦЫ ВОПРОСОВ ДЛЯ ТУРНИРА ЧГК

Поделиться статьей

Поделиться статьей(Выдержка из Чемпионата Днепропетровской области по «Что? Где? Когда?» среди юношей (09.11.2008) Редакторы: Оксана Балазанова, Александр Чижов) [Указания ведущим:


Поделиться статьей

ЛИТЕЙНЫЕ ДЕФЕКТЫ

Поделиться статьей

Поделиться статьейЛитейные дефекты — понятие относительное. Строго говоря, де­фект отливки следует рассматривать лишь как отступление от заданных требований. Например, одни


Поделиться статьей

Введение. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси

Поделиться статьей

Поделиться статьей1. Псковская Судная грамота – крупнейший памятник феодального права эпохи феодальной раздробленности на Руси. Специфика периода феодальной раздробленности –


Поделиться статьей

Нравственные проблемы современной биологии

Поделиться статьей

Поделиться статьейЭтические проблемы современной науки являются чрезвычайно актуальными и значимыми. В связи с экспоненциальным ростом той силы, которая попадает в


Поделиться статьей

Семейство Первоцветные — Primulaceae

Поделиться статьей

Поделиться статьейВключает 30 родов, около 1000 видов. Распространение: горные и умеренные области Северного полушария . многие виды произрастают в горах


Поделиться статьей

Вопрос 1. Понятие цены, функции и виды. Порядок ценообразования

Поделиться статьей

Поделиться статьейЦенообразование является важнейшим рычагом экономического управления. Цена как экономическая категория отражает общественно необходимые затраты на производство и реализацию туристского


Поделиться статьей

или напишите нам прямо сейчас:

Написать в WhatsApp Написать в Telegram
Заявка
на расчет