Балалармен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
«Бекітемін»
БЖШО директоры
_______________
А.Б.Абыкаева
«Робототехника»үйірмесінен сыныптан тыс сайыс сабағының жоспары
Тақырыбы:«Жас программист»
ҚББП: Аукенова Н.Д.
Қордай ауылы
2021 жылы
Өтумерзімі: 14.11.2021 жыл.
Сабақтыңтақырыбы: «Жас программист»
Сабақтың мақсаты: Алдыңғы білімдерінпысықау арқылы, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау
Сабақтың міндеті:
Білімділік: ОқушылардыScratch бағдарламасында блоктарды және скриптарды толық меңгертіп, еркінбағдарламалауды жүргізуді уйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік,шапшаңдылыққабілеттерін дамыту, үйірмеге деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын дұрыс және нақты жеткізуді үйрету
Тәрбиелілік: Жан-жақтыболуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу:
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ноутбук, интерактивтітақта, презентация, карточкалар.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды топқа бөлу
3. Сайысың бөлімдерімен таныстыру
4. Сергіту сәті
5. Оқушыларды бағалау
6. Марапаттау
1.Ұйымдастырукезеңі.
— Оқушылармен сәлемдесу
— Оқушылады түгендеу
— Қауіпсіздік техникасы ережелері.
2. Оқушылардыекі топқа бөлу
3. Сайыстыңбөлімдерімен таныстыру
І бөлім «Байқағыштығыңды- байқат»-Әр топ 5 блоктың түстерін тақтадан көрсетеді (2 мин)
Scratch бағдарламасындағы блоктардың түстерін көрсету,дұрыс жауапқа 10 ұпай алады
ІІ бөлім «Полиглот»— Әртопқа 5 тест сұрағы 3 мин уақыт беріледі, әр жауапқа 5 ұпай беріледі
І-топтың сұрақтары
1. Scratchбағдарламасын кім жасады?
a. STEM академиясы
b. Bolashak — Engineering компаниясы
c. MIT студенттері
d. ENU студенттері
2. Жаңа фондықосудың неше жолы бар?
a. 1
b. 2
c. 4
d. 3
3. Scratchбағдарламасында циклдың қанша түрі бар?
a. 3
b. 4
c. 1
d. 2
4. Анимациядегеніміз не?
a. Фонның жылдам өзгеруі
b. Спрайттыңкостюмінің өзгеруі
c. Мультфильмнің қысқа нұсқасы
d. Бірнеше кейіпкерлердің өзараәрекеттесуі
5. Қай блоктаайнымалыны құруға болады?
a. Данные
b.Операторы
c. Управление
d. Внешность
ІІ топтың сұрақтары
1. Scratch бағдарламасында шарттыңқанша түрі бар?
a. 3
b. 4
c. 1
d. 2
2. Циклдер неүшін қажет?
a. Бағдарламаны тестілеуүшін
b. Бір бағдарламанықайталамау үшін
c. Кейіпкерлерді салу үшін
d. Онда ақпаратты сақтау үшін
3. Жаңа спрайтты қосудың неше жолы бар?
a. 1
b. 2
c. 4
d. 3
4. Қандай скрипткейіпкердің костюмін өзгертеді?
a. Показаться
b. Спрятаться
c. Сменсить фон
d. Следующий костюм
5. Қай скрипт бағдарламанытоқтатады?
a. Стоп все
b. Аяқтау
c. Тоқтату
d. Жабу
ІІІ бөлім –«Мен спрайтпын»
Слайдқабағдарламалар қойылады. Берілген бағдарламаны оқушы спрайт болып орындауы қажет(2 мин) дұрыс жауапқа 10 ұпай
І- топ
ІІ-топ
IV бөлім- «Шифрлау» төменде көрсетілген кодтар бойынша сөзді жылдам құрастыру3 МИН, 10 ұпай
2 топқа ортақтапсырма
Жауабы;Jas programmist!
4. Сергіту сәті– сурет арқылы жаттығу жасату
V бөлім — «Ойлан тап»— Шардың тусіне қарайблоктарды табу 5 ұпай және әр команданың капитаны блоктарды ретіменорналастыруы қажет 5 ұпай, 3 мин
VІ бөлім — «Менпрограммистпін» әр тапсырмаға 10 ұпай, 5 мин уақытберіледі
1 тапсырма– Таймер жасау, уақыт біткен кезде спрайт костюмін
ауыстыруы қажет.
2 тапсырма– Перо блогын қолданып түрлі түсті шеңбер сыздыру.
3 тапсырма–Мысыққа воротаға допты тебу программасын беру.
VІІ бөлім «Кім жүйрік?»Карточкадан сөз құрастыру: дұрыс жауапқа 10 упай, 3 мин
БОТОИХНКАТЕРО
Жауабы: РОБОТОТЕХНИКА
5.Оқушылардыбағалау- әр топтың жинаған балдарын есептеу
6.Марапаттау
