Домбыра — қазақтың халық аспабы
Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуаныштада, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үніменхалқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Алдомбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасыпотырған.
Домбыра —ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлішежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышымен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдеріндежұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу менқазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішектіаспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздарөте көп.
Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақемес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымныңастарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімегенадамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп,ұшырастырып та жүрміз. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті болабермейді ғой. Ал қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыкаадамдардың рухани қорегі деуге болады. Ал өзге халықтар секілді қазақтар даөзінің ұлттық аспаптарын құрметтеп, ән-күйлерін тыңдап ләззат алады. Әсіресе,домбыраның үні естілгенде елеңдемейтін қазақ жоқ.
![Анастасия](/wp-content/uploads/2023/11/expert.webp)