Қостанайоблысы әкімдігі білім басқармасының «А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретінмектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен – жайы:
Қостанай облысы, Жангелдинауданы, Ақкөл ауылы
Автордың тегі, аты, әкесініңаты, қызметі:
НурмуханбетоваГулбану Токтасыновна, тарих пәні мұғалімі
Санаты:
Педагог-сарапшы
Еңбек өтілі:
29 жыл
Білімі:
Жоғары
2012 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалықинституты «Тарихбакалавры»
Авторлық бағдарламаның атауы:
Өлкетану таңдау курсы «Туған жер тарихы»
Сыныбы:
5-6 сыныптарға арналған
Авторлық бағдарламаны әзірлегенжылы:
2021жыл
Түсінік хат
Жалпыбілім беретін мектептердің 5 сынып оқушыларына арналған
«Туған жер тарихы»таңдау курсы жергілікті өлке шежіресінің маңызын білуге, ұлы Отан соғысыардагерлерінің ерлік — еңбектегі ғажайып істерін, ауылымыздан шыққан белгіліазаматтар туралы, аулымыздың табиғи байлықтары, өсімдіктері, жан-жануарларыжайында ізденіс жұмыстарына баулу. Бағдарлама 36 сағат, аптасына 1 сағат (1жыл) 5 сыныптар аралығына жоспарланған.
«Өлкетану» курсыныңнегізгі тұжырымдамасы:
1. Мектепте оқушыларментарихи-өлкетану жұмысын жүргізу,
2. Өлке тарихынбілетін, меңгерген тарихи сананы қалыптастыру,
3. Оқушыны өзіндікіс-әрекет жасауға, ізденімпаздыққа үйрету,
Өлкетану курсының бағыты: тарихи өлкетану
«Өлкетану»курсының өзектілігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, тарих пәні бойынша үлгермеушілердің болмауын қамтамасыз етеді жәнеоқушыларды өлке эконмикасына қажетті мамандықтарға баулу.
Жаңалығы, педагогикалық мақсаттылығы: оқушылардың өлкетану және пәнгеқарым – қатынастарының, білімдерінің деңгейі анықталды. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыружәне оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалынды.
Курстың мақсаты– оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтынгеографиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыру,туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауғатәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Туған өлкетабиғатын зерттеп, оның проблемаларын шешу жолдарына оқушыларды бағыттайотырып, олардың белсенділігін, ізденімпаздық қабілетін қалыптастыру,шығармашылық дағдыларын дамыту;
2. Оқушылардың рухани дүниесін байытаотырып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік – эстетикалықтәрбие беру;
3. Оқущылардың өлке тарихына қызығушылығынарттыру, өлке тарихының беймәлім тұстарын зерделей білуге, ізденіс жұмыстарынабаулу.
4. Туғанөлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралыбілімдерін кеңейту;
5. Жалпыбілім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.
Бұлбағдарламаның ерекшелігі: оқушылардың туған өлкеге дегенқызығушылығын арттыру мақсатында, өз бетінше мәліметтермен жұмыс жасай білу,жиналған мәліметтерді дұрыс сипаттай білуі. Курс барысында алған мәліметтероқушылардың базалық оқу бағдарламасында кездеспейді. Қорытынды жұмыс ретіндеоқушылар зерттеу жұмысы, тақырып бойынша ғылыми мақала жазып, олардымультимедиялық презентация, суреттер, карта-нобайлар, графиктер, кестелерарқылы қорғап шығуы.
Өлкетанукурстарында жергілікті жер материалдарын пайдалану кезінде күтілетін нәтиже:
-Оқушыбойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайдаболады.
-Оқушылардыңтуған өлкеге қадір құрметін оятып,сол арқылы туып өскен өлкеге сүйіспеншілігіоянады
-Оқушылармүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
-Оқушылардақоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, оларды күнделікті қажеттіістерге қатысу қабілеті дамиды.
Атқарылатын жұмыстар:
1. Ақкөлауылында тарихи атауы бар жер—суатаулары туралы материалдар жинақтау;
2. Ауылмаңындағы тарихи жерлерге саяхаттар ұйымдастыру;
3. Көнекөзқариялардың естеліктерін жинақтау;
4. Мектептегімұражай материалдарын толықтыру;
5. Ауылтуралы тарихи кештер ұйымдастыру;
6. Қабырғагазеттерін шығару, стенттер дайындау;
7. Ауылымыздыңтарихы туралы жазбаларды жинақтап, ғылыми жоба қорғау, шағын кітапша шығару.
«Өлкетанукурсының жалпы сипаттамасы»
Туған жертарихын, аймақтың ақтаңдаққа толы кешегі тарихын, өткен ақиқатын білгімізкелсе, халық санасына, ғұламалар тұжырымдаларына, сондай — ақ сарытап болыпсарғайған архив сөрелеріне, көне шежіре бетіне үңілеміз. Өткенді білу –өркениет белгісі, ұлт тарихы, ел болмысы, ұрпақ тәрбиесі. Туған жердің қадір –қасиетін ұғыну, туған жер тұлғаларына құрметпен қарап, туған ел тарихын тану.Ақкөл өңірі — ата тарихы әріден басталатын қасетті мекен. Қойлауынан небір,тарихи тұлғалармен қатар талантты ұл-қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол.Қазіргі жастардың өздері туған, қазір мекен етіп жатқан жері тұнып тұрған тарихекенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Туған өлке тарихы ғылыми ізденіскежетелеп, өз жерімді, өз елімді, отанды сүюге тәрбиелейді. «Туған жер тарихы»таңдау курсы жұмысымды жергілікті өлке шежіресінің маңызын білуге, ұлы Отансоғысыны ардагерлерінің ерлік — еңбектегі ғажайып істерін, ауылымыздан шыққанбелгілі азаматтар туралы, аулымыздың табиғи байлықтары, өсімдіктері,жан-жануарлары жайында ізденіс жұмыстарына баулу.
Туған жердіңтарихын, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Мектепте өлкетанужұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өтемаңызды. Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.
Тақырып 1. Кіріспе.
Теориялық сабақ:қауіпсіздік техникасының нұсқаулығы. Курспен танысу. Курс мақсаттары менміндеттері.
Тақырып 2-3. Жертарихы-ел тарихы.
Теориялық сабақ: Жергіліктіжер, өзендер, көлдер атауларының шығу тарихын білу.
Практикалық сабақ: Жер-суатаулары туралы мәліметтер жиақтау.
Тақырып4. Туғанөлке – тұнған шежіре.
Теориялықсабақ:Туған жер атаулары туралы аңыз-әңгімелердің мән-мағынасын түсіну және оларды талдау.
Практикалықсабақ: Өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтаумен толықтыру.
Тақырып 5. Ауылдыңжалпы географиялық сипаттамасы
Теориялықсабақ:Туғанөлкенің географиялық орнын, көлемін, маңызын білу.
Практикалықсабақ: Оқушылармен туған жер табиғатын зерттеужұмыстарын жасау.
Тақырып 6-7. Туғанөлкенің флорасы мен фаунасы.
Теориялықсабақ:Өлкенің өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесін танып-білу.
Практикалық сабақ: Өңірдің Қызылкітапқа кірген жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы жиналған мәліметтердіжүйелеу.
Тақырып8-9. «Тентексай»ыстық термальді суы.
Теориялықсабақ:«Тентексай»ыстық термальді суының пайда болу тарихымен танысу.
Практикалықсабақ:Оқушыларды ыстық судың емдікқасиетімен таныстыру және оны зерттеу.
Тақырып10.Ақкөл өңіріндегі «Қаратұз» ас тұзы.
Теориялықсабақ:«Қаратұздың» пайдасы және оның қасиетін білу.
Практикалық сабақ: Жиналғанмәліметтерді жүйелеу. Мәтіндер жазу, мультимедиялық презентациялар жасау.
Тақырып11.Ауыл маңындағы тарихи жерлерге саяхат жасау.
Теориялықсабақ:Аңыз-әңгімелерге арқау болған тарихи жерлер туралы деректер.
Практикалықсабақ:Тарихи жерлерге саяхат жасап, аңыздарды жинақтау.
Тақырып 12.Табиғаттықорғау. Топсеруен.
Теориялық сабақ: Туған өлкенің табиғатын қорғау,табиғатты аялай білуге баулу.
Практикалық сабақ:Мектеп ауласында абаттандыру жұмыстарынжүргізу.
Тақырып 13-14. Мектептарихынан.
Теориялық сабақ:Оқушыларға 90 жылдық тарихы бар мектеп туралы баяндау.
Практикалықсабақ: Ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдаастыру.
Тақырып 15. Мектептүлектері.
Теориялық сабақ:Мектеп түлектерінің жетістіктері, «Алтынбелгі» иегерлері туралы оқушыларға толық мәліметтер беру.
Практикалық сабақ:Таныстырылым дайындау.
Тақырып 16-17.«Ақкөлдің ақиығы» атанған А.Қоңқабаев.
Теориялық сабақ:Оқушыларды А.Қоңқабаевтың өмір деректерімен таныстыру.
Практикалық сабақ:Ұрпақтарымен кездесу.
Тақырып 18-19.А.Байтұрсынұлы біздің жерлесіміз.
Теориялық сабақ: А.Байтұрсыновтыңөмірі, қызметі жайлы деректер.
Практикалық сабақ:Оқушылар А.Байтұрсынұлы туралы рефератжазып келеді.
Тақырып 20. А.Байтұрсынұлымұражай үйіне саяхат.
Теориялық сабақ: А.Байтұрсынұлымұражай үйіндегі құнды деректермен оқушыларды таныстыру.
Практикалық сабақ:А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына ораай шығармаларынан үздік сурет көрмесінұйымдастыру.
Тақырып 21-22.Туған жер тұлғалары К.Ә.Сағадиев, Т.Қ.Бөрібаев
Теориялық сабақ:К.Ә.Сағадиев, Т.Қ.Бөрібаевтардың өмірімен қызметі туралы оқушыларға баяндау.
Практикалық сабақ:К.Ә.Сағадиев,Т.Қ.Бөрібаевтар туралы таныстырылым дайындау.
Тақырып 23.Айтыскер ақын Ж.Мұқанов.
Теориялық сабақ:Оқушыларды айтыскер ақын Ж.Мұқановтың шығармашылығымен таныстру.
Практикалық сабақ:Оқушылар өз шығармашылығынан өлеңдер оқу сайысынұйымдастыру.
Тақырып 24-25.Ауылдан шыққан еңбек ардагерлері.
Теориялық сабақ: Аулымызданшыққан еңбек ардагерлерінің өмірімен оқушыларды таныстыру.
Практикалық сабақ:Еңбек ардагерлері туралы қосымша тың деректер жинақтау.
Тақырып 26.«Еңбек — ер атандырады» дөңгелек стол.
Теориялық сабақ: Еңбекжолы, өмірі, атқарған қызметі туралы деректер.
Практикалық сабақ:Еңбек ардагрелері туралы кітапша жасау.
Тақырып 27-28.«Ер есімі — ел есінде» Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер.
Теориялық сабақ: ҰлыОтан соғысына қатысқан майдангерлер ерлігі.
Практикалық сабақ:Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арнап кітапшалар жасау.
Тақырып 29.Майдангерлер ұрпақтарымен кездесу.
Теориялық сабақ:Соғыс жылдары халық басына түскен ауыртпалықтарды баяндау.
Практикалық сабақ:Кездесубарысында мұражайлардан, мұрағаттардан,кітапханалардан, интернеттен жергілікті майдангерлерге қатысты қажеттіақпаратты табу.
Тақырып 30.Мектептегі «Даңқ» бөлмесі.
Теориялық сабақ: Оқушылардымектептегі «Даңқ» бөлмесіндегі экспонаттармен таныстыру.
Практикалық сабақ:Қосымша мәліметтер, деректер жинақтау.
Тақырып 31.«Киелі Ақкөл мекенім» тарихи танымдық ойын.
Теориялық сабақ: «КиеліАқкөл мекенім» тарихи танымдық ойынында оқушыларға қажетті ақпараттар беру.
Практикалық сабақ:«Киелі Ақкөл мекенім» тарихи танымдық ойын өткізу.
Тақырып 32.Cынақ тест.
Теориялық сабақ:Оқушлыардан «Туған жер тарихы» таңдау курсы бойынша алғанбілімдерінен сынау.
Практикалық сабақ:Сынақ тест алу.
Тақырып 33-34.Өлкетану курсы бойынша жұмыстарды қорытындылау.
Теориялық сабақ:Өлкетану курсы бойынша алған білімдерінің қорытындысы.
Практикалық сабақ:Өлке туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын презентация, зерттеу жобаларын әзірлеу.
«Туғанөлке тарихы» таңдау курс бағдарламасының
мазмұнымен құрылымы: (Таңдау курсы 5 сыныптар)
№ |
Мазмұны |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Кіріспе |
1 |
05.09.2022 |
|
І бөлім. Ауыл табиғатын және жер-су атаулары зерттеу, табиғатқа саяхат, өлкетану жұмысы |
12 |
|
2-3 |
Жер тарихы – ел тарихы |
2 |
12-19.09.2022 |
4 |
Туған өлке – тұнған шежіре |
2 |
26.09-03.10.2022 |
5 |
Ауылдың жалпы географиялық сипаттамасы |
1 |
10.10.2022 |
6-7 |
Туған өлкенің флорасы мен фаунасы. |
2 |
17-24.10.2022 |
8-9 |
«Тентексай» ыстық термальді суы |
2 |
07-14.11.2022 |
10 |
Ақкөл өңіріндегі «Қаратұз» ас тұзы |
1 |
21.11.2022 |
11 |
Ауыл маңындағы тарихи жерлерге саяхат жасау |
1 |
28.11.2022 |
12 |
Табиғатты қорғау. Топсеруен. |
1 |
05.12.2022 |
|
ІІ бөлім. Менің мектебімнің тарихы |
4 |
|
13-14 |
Мектеп тарихы |
2 |
12-19.12.2022 |
15 |
Мектеп түлектері |
2 |
26.12.2022, 09.01.2023 |
|
ІІІ бөлім. Тарихыңды таны — тұлғаңды құрметте. |
11 |
|
16-17 |
«Ақкөлдің ақиығы» атанған А.Қоңқабаев. |
2 |
16-23.01.2023 |
18-19 |
А.Байтұрсынұлы біздің жерлесіміз. |
2 |
30.01.2023, 06.02.2023 |
20 |
А.Байтұрсынұлы мұражай үйіне саяхат. |
1 |
13.02.2023 |
21-22 |
Туған жер тұлғалары К.Ә.Сағадиев, Т.Қ. Бөрібаев. |
2 |
20-27.02.2023 |
23 |
Айтыскер ақын Ж.Мұқанов. |
1 |
06.03.2023 |
24-25 |
Ауылдан шыққан еңбек ардагерлері. |
2 |
13.03,03.04.2023 |
26 |
«Еңбек — ер атандырады» дөңгелек стол. |
1 |
10.04.2023 |
|
ІІІ бөлім. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлес майдангерлер |
4 |
|
27-28 |
«Ер есімі — ел есінде» Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер. Өмір деректерін жинақтау. |
2 |
17.05.2023 |
29 |
Майдангерлер ұрпақтарымен кездесу. |
1 |
24.04.2023 |
30 |
Мектептегі «Даңқ» бөлмесі |
1 |
08.05.2023 |
|
ІҮ бөлім. Сынақ |
2 |
|
31 |
«Киелі Ақкөл мекенім» тарихи танымдық ойын. |
1 |
15.05.2023 |
32 |
Cынақ тест. |
1 |
22.05.2023 |
|
Ү бөлім. Қорытынды |
2 |
|
33-34 |
Өлкетану курсы бойынша жұмыстарды қорытындылау. |
2 |
29.05.2023 |
Әдістемелікқамтылуы
1. сабақ түрлері:
1) 1тарау бойынша:
— шолу лекциясы;
— топсеруен;
— саяхатқа шығу;
2) 2тарау бойынша:
— лекция-конспект;
— саяхатқа шығу;
3) 3тарау бойынша:
— тақырып бойыншапрактикалық жұмыстар;
— әңгімелесу;
— шығармашылықжұмыстар.
4) 4 тараубойынша:
— тарихи-танымдықсабақ
— сынақ тест
5) 5 тараубойынша:
— конференциясабақ
— шығармашылықжұмыстар
2. Оқу – тәрбиеүдерісін ұйымдастыру әдіс-тәсілдері:
-түсіндірме-көрсетілім;
— жаңа білімдітүсіндіру;
— көрнекілікпайдалану
— практикалық
— ізденіс
— зерттеу
— жаңаақпараттық технологиялар.
3. Дидактикалық материал:
— мұражайматериалдары
— көрнекіліктер
— жиналған материал;
— сауалнамалар
— қимақағаздар
— мақалалар,монографиялар, кітаптар, оқунұсқаулықтары,сөздіктер.
4. Техникалыққұрал-жабдықтар:
— фотоаппарат;
— компьютер;
— интерактивті тақта.
— смартфон
5. Тараубойынша сабақтардың өтілу түрлері:
1) 1 тараубойынша:
— тарихи жерлергебару
— тілғалымдарымен кездесу
2) 2 тараубойынша:
— мектепмұғалімдерімен және түлектерімен кездесу
— шығармашылықжұмыстар.
3) 3 тараубойынша:
— баспамәліметтер
— мұражайғабару
— көрмелержасау
— кітапша жасау
4) 4 тараубойынша:
— деректерменжұмыс
— ойын сабақ
5) 5 тараубойынша:
— шығармашылықжұмыстар
Пайдаланылғанәдебиеттер:
1. Ш.ҚоңқабаеваТаутұлға. «Шапақ» Қостанай, 2011ж
2. Қазақстантарих әдістемелік журнал № 9.2013ж
3. Қазақстантарих әдістемелік журнал № 1.2014ж
4. Көнекөзқариядар естеліктері.
5. Мұражайматериалдары.
6. Ж.Қосабаев.«Туған жер деп толғандым».
7. І.Байтұрсын«Алтын бесік».
8. И.Ағытай.«Киелі – Ақкөл мекенім».
9. «Оларжеңіспен оралды!». Ескерткіш кітабы.- Қостанай, 2009ж
10. «Костанайсиеновости» 2007 ж.28шілдесіндегі«Легенды и натоящее Торгая» мақаласы. 2-4 б.
11. Бұқаралықақпарат құралдары материалдары.