Описание презентации по отдельным слайдам:
-
1 слайд
Topic: identification of the need for special education. Groups of children in need of special education
Орындаған:Сражаддин Г -
2 слайд
In modern society, it is noted that the younger generation, growing up in the modern socio — economic situation, is beginning to lose clear and reliable social directions . The inadequacy of the existing various forms of socialization , which are not suitable for the present , requires that they choose one path, that is, that young people have a high responsibility for their future . In this case, the lack of adaptation and unpreparedness of young people and adolescents to modern public relations is the reason for the emergence of many serious problems . A common feature inherent in these issues is that the upbringing and training of the younger generation should be carried out taking into account the requirements and wishes of modernity.It is known that in modern conditions of complex social development , when values and social norms begin to change , when the influence of upbringing in the family decreases, the importance of psychological and pedagogical support for children increases . Positions and paradigms in the relationship between teacher and child are also changing: instead of student and teacher, the paradigm of Man and man begins to form.
-
3 слайд
Need for special educationto children with special educational needs include:for successful learning of children with disabilities, the school must create all the necessary learning conditions and services based on their individual characteristics.
providing psychological and pedagogical support for inclusive education, creating specialized offices in demand for working qualifications, curricula of Secondary, Technical and vocational, post-secondary education, as well as advanced training of pedagogical workers;
to ensure access to all levels of education for persons with special educational needs, within the framework of per capita financing, a high standard of financing is provided, the state order for their training is increased. -
4 слайд
For the successful learning of children with special educational needs, the school must create all the necessary learning conditions and services based on their individual characteristics.
Children with special educational needs include:
children with disabilities;
children from families of migrants, repatriates, refugees, minorities;
children with difficulties in social adaptation in society (orphans, children with victimization, children with deviant behavior, children from families with low socio-economic and socio — psychological status). -
5 слайд
At the heart of inclusive education is the goal of eliminating any discrimination in children, ensuring an equal attitude towards all people, as well as creating special conditions for children with special learning needs. Requirements for inclusive education in schools:
— ensuring the physical accessibility of the school (elevators, ramps, special furniture);
-арнаулы техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);
-кадрлармен қамтамасыз ету: -
6 слайд
Ерекше білім беру қажеттілігіне ие балаларға білім беру
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
В. А. Сухомлинский
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл – баламен кеңесе отырып оның қызығушылықтарын , белгілі бір мақсаттарға жетуде алға қойған ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отыра , оқу мен оқытуда өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеп, жақын араласатын дос табуына көмектесу болып табылады
-
7 слайд
Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына психолог тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы психологиялық кеңескті алып қарасақ:
1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз. -
8 слайд
Ерекше білімді қажет ететін балалар топтары төмендегідей бөліп көрсетіледі:
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалар: көру, есту, сөйлеуде ауытқушылығы, ақыл-ойы кем, тірек-қимыл аппараты зақымдалған, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.
Ерекше қиындықтар ақыл-ойы қалыпты балалар және жеке оқу дағдыларын меңгеруден байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар жағымсыз психологиялық факторлар (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрадстарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасауда әртүрлі қиындықтарға әкеледі. -
9 слайд
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім алуды қажет ететін балалар. Бұл топтқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар (ішімдік, нашақорлыққа жақын ата-аналар), толыққанды емес отбасында тәрбиеленетін балалар кіріктіріледі.
ЕБҚ бар балалардың мұндай топтарын бөлу мектепте білім алуына кедергі келтіретін және қиындық тудыратын бірде-бір оқушыны қараусыз қалдыруға жол бермейды. -
10 слайд
Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін
ғылым
СурдопедагогикаЕсту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеумен айналысатын педагогиканың бір саласы. Есту қабілетінің бұзылуы сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтарды зақымдайтын аурулар нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
ТифлопедагогикаКөру қабілеті бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын педагогиканың бір саласы. Көру қабілетінің бұзылу деңгейіне қарай олар көрмейтін және нашар көретіндер болып бөлінеді.
ЛогопедияТіл бұзылыстары, оны жою мен оның алдын алудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін ғылымның бір саласы. Бала тілінде болатын бұзылыстарды зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздестіретін арнайы педагогика тарауының бірі.
-
11 слайд
Көру бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Орта білім алуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты. -
12 слайд
Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған арнайы жалпы білім беру ұйымының міндеттері алғашқы ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Көрмейтін және нашар көретін оқушыларды оқыту негізгі мектептегі оқыту мерзімі ұлғаюына байланысты оқу материалын өзгерту және қайта қарастыру ескерілген жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша іске асырылады.
Көрмейтін оқушыларды оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелік қаріппен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары, оқу құралдары мен әдебиеттері қолданылады.
Нашар көретін оқушыларды оқыту көру арқылы қабылдауы үшін қолжетімді ірі қаріппен және арнайы дайындалған суреттермен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары бойынша жүргізіледі.
Күрделі бұзылыстары бар көрмейтін және нашар көретін оқушылар барлық оқу жылдарында арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалар бойынша білім алады.
Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту процесінде жұмыстың арнайы түрлері мен әдістері, көрнекі құралдар, тифлотехника және басқалары қолданылады.
Көру бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары -
13 слайд
Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен арнайы емес әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы баяу. Есту бұзылыстары бар балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және бірқалыпты емес өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 — 2,5 жаста, тіпті мектепалды кезеңде ғана пайда болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды, жиі жақсы таныс заттармен ғана.
Заттық іс-әрекет негізінде есту бұзылысы бар баланың барлық қабылдау түрлері дамиды, бірінші қатарда — көру /заттық әрекеттерді іске асыруда көмек етеді/; қозғалыстары дамып, күрделенеді, негізгі ойлау түрі — бейнелі-әрекеттік -қалыптасады. Сюжетті-рольдік ойын — мектепалды жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті. Ерекшеліктері: есту бұзылысы бар балалардың ойындарында үлкендердің өмірлері, олардың іс-әрекеттері және қарым-қатынастары бейнеленеді. Ойын іс-әрекетін меңгеру арқылы олардың әрекеттері күрделеніп, толықтырыла түседі.
Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және сөйлеу дамуының деңгейін.Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
-
14 слайд
Естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары есту мен көру негізінде қарым-қатынас пен ойлау құралы ретінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланыста бола отырып, балаларды жан-жақты дамытуды, өз бетінше өмір сүруге қажетті жалпы білім алу, еңбек ету және әлеуметтік дайындықтан өту үшін олардың психикалық және дене дамуындағы ауытқушылықтарын түзету мен орнын толтыруды жүзеге асырады.
Интеллектісі сақталған есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды оқыту мынадай тәртіпте:
1) естімейтін оқушылар дайындық сыныбы мен 1-7 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 8 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша;
2) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар дайындық және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша;
3) ақыл-ой кемістігі бар естімейтін және нашар еститін оқушылар зерде бұзылыстары бар балалар мен есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарламалар мен оқулықтар бойынша іске асырылады.
Есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтар оқу күні ағымында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Оқушылардың есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтарға бару кестесі білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі.Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары
-
15 слайд
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей:
1) бастауыш білім беру деңгейі 0, 1-4 сыныптар;
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар.
Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік колледждерге ауысады.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқыту арнайыдидактикалық материалдарды қолдану арқылы арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады. Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесі мазмұны бейімделетін және оқыту мерзімдерін бір жылға арттыруды ескере отырып қарастырылатын жалпы білім беру бағдарламалары бойынша іске асырылады.
Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат етіледі.
Логопедиялық түзету жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта көрсетіледі.Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
-
16 слайд
Сөйлеу бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.
Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат етіледі.
Логопедиялық түзету жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады.
Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта көрсетіледі. -
17 слайд
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық –педагогикалық сипаттама
Көру бұзылыстары бар балалар1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар;
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)
Есту бұзылыстары бар балалар
тұрақты (есту қабілеті қалыпқа келмейді)
екі жақтылы есту қызметінің бұзылысы (құлақ ауруы);
Қоршаған ортамен қатынасқа түсудің қиындығы немесе мүлдем болмауы. Бұл категориядағы балалар естудің түрлілігіне байланысты өзіндік топтарға ұсынылады. Нашар еститін және естімейтін деп ажыратылады.
Сөйлеу бұзылыстары бар балалар
Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы. (сөйлеу тілінің сыртқы -фонациялық өңделуінің бұзылуы, сөйлеу тілінің ішкі -семантикалық өңделуінің бұзылуы;
Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения).
Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия, брадилалия, тұтықпа).
Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия)
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дислексия, дисграфия, дизорфография). -
18 слайд
Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ойы кемтар балалар. Ақыл ойы кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдык әрекеттегі ауытқулары бар.
Зиятында ауытқулықтары бар адамдар бойындағы кемістіктің ерекшелігі жоғаргы психикалық функцияның мінез бен іс-әрекетті бейнелеу және реттеудің бұзылуы. Бұл танымдық процестердің бұзылуында (сезу, қабылдау, есте сақтау, ойлау, елес, сөйлеу тілі, зейін), сезімдік — еріктік сфера, моторикасында және тұлгалық дамуындағы жетіспеушіліктер мен сипатталады.Зиятында ауытқуы бар балалар
-
19 слайд
Ақыл- ой кемістігінің негізгі 3 түрі
Дебилдік- ақыл- ой кемістігінің жеңіл және өте жиі кездесетін түрі, бұл балалардың 70-80% осы топты құрайды. Бұл деңгейде балалар құрдастарынан юарлық жақтан артта қалады. Олар кеш сөйлейді кеш жүреді ақыл ой да ақырын дамиды және бұл балалар әлсіз аурушаң, епсіз болады. Бала айналасында болып жатқан жағдайға мән бермейді қызықпайды, заттарды өз бетімен зерттемейді, қоршаған ортада болып жатқан процестерге немқұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында бұл балалардың сөздік қоры өте аз болады, өз қатарластарына қарағанда өте аз сөз біледі және 3-4 сөйлемнен тұратын сөздерді түсінбейді. Бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасқаннан кейін ойын жетекші болып қалыптаспайды. Сәйкесінше бала ойнай алмағандықтан оны қалыпты қатарластары ойынға қабылдамайды. 7-8 жастан зиятында ауытқуы бар балалар арнайы оқыту мекемелеріне қабылданады. Және бұл балаларда көптеп сөйлеу тілінде ауытқулар кездеседі.Бұл балалардың зият коэффициенті IQ 35-49 немесе 54.
Имбецилдік- ақыл- ой кемістігінің орташа деңгейі бұл балалардың 10% осы топты құрайды. Бұл түрде бас миының үлкен жартышарының қабығы және де төменде жатқан құрылымы да зақымдалады. Нәрестелік жаста мұндай балалар кеш дамиды 3- жастан кейін жүреді. Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында ғана сөз тіркесі ретінде пайда болады. Танымдық мүмкіндіктері дамымағандақтан сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні қатты зақымдалған. Бұларда моторика бұзылғандықтан өзін-өзі күту дағдысы қиындықпен және үлкендердің көмегімен жүзеге асады. Бұл балалар кішкене оқи алады және санауды қоршаған орта туралы кейбір мәліметтерді меңгеруге қабілетті. Имбецилдік дәрежеде сөздік қоры небәрі 200-300 қарапайым сөздерден тұрады және интеллектуалды коэффициенті IQ 20-50, ал ауыр имбецил кезінде 20-35 болады. -
20 слайд
Идиотия (нақұрыстық)- ақыл- ой кемістіктің ең ауыр және сирек кездесетін түрі. Шығу себебі көбінше ішінен статикалық және моторикалық функцияның бұзылысы болып келеді. Бұл балаларда кездеседі әртүрлі сезімдік реакцияның көрінуіндегі тежелулер, тұру, жүру дағдасының кеш дамуы айналасындағы болып жатқан құбылыстарға және ойынға деген қызығушылығы әлсіз байқалады. Ересектерде ойлау танымдық процестер қатты зақымдалған, сөйлеу тілі баяу дамиды немесе мүлдем дамымайды. Бұл балалар өзін белгілі дәрежеде ғана күте алады және оқуға мүлдем қабілеті келмейді. Мұндай балалар арнайы үй- интернаттарында өмір сүреді мұнда оларды бағып, күтіп баптау тіршілік ету жағдайлары қамтамасыз етілген. Идиотияда интеллект коэффициенті 20% дан төмен болады.
-
21 слайд
тұқым қуалайтын факторлар:
Микроцефалия- балада бас сүйегінің кішкентайлығымен ерекшеленеді. Бұл кезде балада интеллектуалдық жеткіліксіздік сәйкесінше сөйлеу ойлау танымдық процестер дамымаған.Дауна ауруы хромосомдық ауытқуы- бұл ауру балада 21 хромосоманың артықшылығымен ерекшеленеді. Мұндай балалардың бас сүйегі кішкентай, тістері дұрыс орналасып өспеген, саусақтары бойлары аласа болып келеді.
Клайнфельтер синдромы- тек ұл балаларда кездесетін ауру бұл ауру хромосоманың көптігімен ерекшеленеді. Мұндай балалар жыныстық дамымауымен жіне ұзын бойымен қадағаланады.
Тернер- Шернешевскийдің синдромы тек қыз балаларда кездеседі. Бұл ауру х- хромосомасының жеткіліксіздігінен ерекшклкнедіОлигофренияның клиникалық формалары 3 топқа бөлінеді
-
22 слайд
перинатальді түрі.
Туа біткен сифилис- жалпы физиологиялық ауытқулар кездеседі және эпилепсияның көрінісі болуы мүмкін.Токсоплазмоз- мұнда баланың бас ми сүйегінің деформациясымен бірге көзінің кемшілігі, ішкі органдарының ауытқулары қадағаланады және олигофренияның имбецил идиотия деңгейлерінде көрініс табады.
Листериоз- ауру анадан іштегі балаға жұққан аурудың бір түрі болып келеді. Психологиялық жетілмеуі идиотия деңгейінде кездеседі. -
23 слайд
генетикалық фактор.
Бұл топқа көбінде гемолитикалық аурулар кездеседі яғни ата- анасының резус- факторының сәйкес келмеуі балаға гемолитикалық болып келеді. Баланың өмірінің алғашқы 35 сағатында сары ауру қадағаланады және 2-3 күн арасында ауру одан әрі өрши түседі. Балалар әлсізденеді ұйқышыл болып келеді, емуді тоқтатады, бұлшық еттерінің тартылуы кездеседі. Егер балаға өз кезегінде ерте көмек көрсетсе балада таным процестері өз деңгейінде қалыптасады, ал егер көмек түрі көосетілмесе юалада танымдық іс- әрекеті кешеуілденеді.
-
24 слайд
Психикалық дамуы тежелген балалар
Қимыл қозғалысы қалыпты дамиды немесе балада жеңіл түрде шектелуі мүмкін.
Балада бас миының жартылай ғана зақымданады және ОЖЖ қызметінің бұзылуы кездеседі.
Таным процестерінің кейбіреуі ғана бұзылады.
Балада есте сақтау күрттөмендейді логикалық ойлау байланысы қалыпты болғанымен болған оқиғаның бір бөлігін есіне сақтай алмайды.
Көңіл- күйі болған оқиғаға сәйкес өзгереді, эмоциясын ажырата аламыз.
Бала өзінің жеткен жетістіктеріне қуанады кейде жағдайға байланысты мұңаяды.
Көрсетілген көмек түрлері оң нәтиже береді бала барынша есте сақтауға тырысады.
Ақыл-ой кемістігі бар балалар
қозғалыс қабілетінің тежелуі кездеседі.
Бас миының жалпылай зақымдануы ОЖЖ зақымдануы.
Жалпы таным прцесінің ерік- жігерінің мүлдем бұзылуы дамымауы кездеседі.
Логикалық ойлау байланысы есте сақтауы қиындай түседі.
Мұндай балаларда көңіл күйінің қандай екенін ажырата алмаймыз.
Бала жеткен жетістіктеріне қызығушылығы төмен болып келеді.
Балаға тәрбиелеу оқыту жұмыстары нәтижесіз, тез ұмытып қалады. -
25 слайд
Тірек-қимыл жүйесінің дамуында қаңқа мен бұлшық еттер жасушаның үнемі жаңарып отыруы маңызды.
Балалардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуы дегеніміз-жас кезінен бастап прогрессивсіз топтарды біріктіретін ,бірақ моторлық бұзылыстар синдромының ауысып тұруы және бас ми қыртысының дұрыс қалыптаспауы мен қайталанып бұзылуы болып табылады.Тірек қозғалыс аппарат бұзылу функциясы туғанда және жүре пайда болуы мүмкін.Тірек қозғалысының патологиясының осындай түрлері болады:
1.Жүрек жүйесінің аурулары,БЦП полиомилит.
Тірек қозғалысының туғаннан патологиясы:қисық мойын,сколиоз,аяқтың қисықтығы,артрогрипоз.
Жүре пайда болған және тірек аппаратының зақымдалануы,полиартрит ,қанның аурулары т,б. -
26 слайд
Тірек-қимыл аппаратындағы бұзылудың түрлері:
1.Жүйке жүйесінің аурулары:ДЦП,мешел (полиомелит);
2.НОДА туа біткен патологиясы:жамбас сүйегінің туа біткен шығуы,қисық мойын,маймақтық,табандардың кемістігі,артрогрипоз(туа біткен кемтарлық);
3.Жүре пайда болған аурулар және тірек-қимыл аппаратындағы ақаулар:жұлын майының травматикалық ақаулары,бас миының және аяқ-қолдардың травматикалық ақаулары,полиартрит,қаңқаның аурулары.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бұл категориядағы негізгі контингент балалар (ДЦП) ауырған балалар,ДЦП аурулардың толықтай пісіп-жетілмеген ,яғни әртүрлі әсер етуші зиянды факторлардың ішкі даму жағдайында және дүниеге келу әрі 1 жасқа дейінгі кезеңде пайда болады.Бұл туғаннан және жүре пайда болған ауру және тірек қимыл аппаратқа зақым келу балаларда 5/7% кездеседі.Сонда тірек-қимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты туғаннан және жүре пайда болады. -
27 слайд
Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар балаларды жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың шарттары.
Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы ұғымының жиақтаушы сипаты бар және ол органикалық орталық немесе перифериялық табиғаты бар қимыл- қозғалыс бұзылысын қамтиды.Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балалар келесі категорияларға бөлінеді:
-церебральды сал ауру бар балалар(ДЦП);
-қалпына келуші немесе резидуальды сатыдағы мешел ауруының салдары;
-миопатия;
-туа біткен және жүре пайда болған тірек-қимыл аппаратындағы жетіспеушіліктер мен кемістіктер. -
28 слайд
ПДТ балалардың негізгі белгілері
оқу мен жазу
тез шаршағыш
зейіні тұрақсыз
сабаққа белсенділігі байқалмайды
берілген Тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды
сыныптастарымен аз араласады
өз ойын ашық айта алмайды
есептеулерде көп қателер жібереді -
29 слайд
-
30 слайд
Психологиялық дамуының тежелуі бар балалармен жүргізілетін психологиялық түзету дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;
Шаршамауын қадағалау;
Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту
Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;
Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;
Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. -
31 слайд
-
32 слайд