Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-сі
Тақырыбы: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУНЕГІЗДЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ
ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ
Информатикапән мұғалімі: Мукушева Г.Т
Тақырыбы: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУНЕГІЗДЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ
ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ
Мақсаты:
Ерекшебілімді қажет ететін балаларды оқытуда әр түрлі заманауи технологиялардыпайдаланудың жолдарын көрсету
Міндеттері:
-Ерекшебілімді қажет ететін балаларды оқытуда заманауи технологияларды қолданаотырып, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолданабілуге тәрбиелеу;
-Баланыңкоммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру;
Негізгібөлім:
Адамзат техниканың қарқынды дамуы арқасында жаңа дәуірге аяқбасты, Компьютерлер, Интернет, спутниктік теледидар, мультимедиа біздіңөмірімізге шапшаң еніп үлгірді. Компьютерлік технологиялардың дамуы қоғамдыжылдам өрістеп жатқан интеграциялық процестерге байланысты ақпараттандырудыңауқымды проблемасымен бетпе-бет келтіріп отыр. Бұл проблема тіршілігіміздіңбарлық саласын: ғылымды да, мәдениетті де, білім беру қызметін де, өндірісті детүгел қамтиды. Ақпараттық және басқа да инновациялық технологияларды пайдалану бойыншақазіргі өмірде бағдар табудың өзі қиын болатын жағдай туындауда. Бірақбіз бұл ғасырдың өзге де болмыстық шындығы бар екенін мойындауымыз керек. Ол -жалпы білім беретін мектеп оқушылары құрамының физикалық, психикалық жәнесенсорлық даму деңгейлері бойынша бір текті еместігі. Мектеп алдында мынадайміндет тұр: оқушылардың, соның ішінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардыңойдағыдай әлеуметтенуі үшін бірқатар біліктілік қабілетін қалыптастыру. Ерекшебілімді қажет ететін балаларды қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрысұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергіге қарсы тұра алатын тұлғанықалыптастыруда заманауи технологияның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз.
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялықтехнологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаныболып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққамән — мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру — бүгінгі күннің басты талабыекені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлғаретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой — өрісінің кеңеюі балабақшақабырғасында басталатыны сөзсіз.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерінжетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырыптүзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететіноқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбиежұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатарзейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту,яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері(дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданыпкеледі.
Заманауибілім беруде ақпараттық-коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктері
Сабақбарысында АКТ-ны қолдануды жоспарлаудың негізгі талаптары:
- * Психологиялық ахуал туғызу, дамуындағы кемшіліктің ескеру;
- * Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту;
- * АКТ-мен жұмыс істей білуге үйрету;
- * АКТ-мен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы;
- * Топ оқушыларының білім деңгейі мен танымдық қабілеттері ескерілуі қажет;
- * Тапсырмаларды орындауда естімейтін оқушыға таныс емес сөздер мен сөз
- тіркестерін болдырмау;
- * Оқушылар өзінің үйренгенін ортаға салып,бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау.
ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТА САБАҚ ЖОСПАРЛАУ
Инклюзивті оқытуды ұйымдастыруға қойылатынміндеттер:
qСыныптағы арнайы білім беру жағдайларын
жасауды қажетететін балалардың санатын анықтау.
qСыныпта белгілі бір балалардың қажеттіліктеріне
байланысты қол жетімді ортаны ұйымдастыру
qБалалар ұжымында эмоционалды жайлылық
атмосферасынқұру, ынтымақтастық рухында
қарым-қатынастықалыптастыру және балалардың
әрқайсысыныңерекшеліктерін қабылдау.
qОқу жұмысын ұйымдастырудың заманауи
технологияларын,әдістерін, тәсілдерін, формаларын игеру, сондай-ақ оларды білім алушылардың мүмкіндіктерімен қажеттіліктеріне сәйкес қолдану.
qҚолданыстағы оқу бағдарламаларын, дидактикалықматериалдарды бейімдеу немесе жаңаларын әзірлеу. Балалардың мүмкіндіктеріне сәйкесоқу жетістіктерін, оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерді бағалау тәсілдерін игеружәне пайдалану.
qЫнтымақтастық және жауапкершілікті бөлу рухындаата-аналармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.
Сыныпбөлмесінің жабдықталуы
М. Монтессориәдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топтада, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастырабілуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты — балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешініңнұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауымамүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдемжоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді.Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмысжасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығынсезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында:зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б.Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі — ішкідүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын.
Күтілетіннәтижелер:
— Ерекшебілімді қажет ететін оқушыларға көмектеседі;
-Оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
-Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
-Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
-Оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
-Ерекшебілімді қажет ететін оқушыларды сенсорлық және сенсомоторлық дамытады;
-Қолмоторикасын жетілдіреді;
-Эмоциялық ерік саласын түзетеді және жетілдіреді;
—Қарымқатынас дағдыларын қалыптастырып және әлеуметтік бейімдеу жұмыстары
жүргізіледі.
Қорытынды
Өзгеріске,жаңалыққатолы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң, бірі баяу, ендібіреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы әр қилышәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары, жаңашыл, ізденімпазерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісініңөзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңаәдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдердімұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктепқолданады интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысындаоқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі.Биік жетістіктерге жету үшін, мұғалім баланың мінез-құлқын, сана-сезімініңжетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі,қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуынқадағалап әрі дамытып отыру керек. Сонымен қатар ерекше білімдіқажет ететін балаларды оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану:біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден,балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасынкөтеру болып табылады.