Сабақтың тақырыбы:Баскалыкәжекейді тігіп дайындау
Сабақтың типі:Шеберлік сыныбы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Баскалыкәжекейді тігіп дайындауды үйрету
Дамытушылық:Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамға, үнемшілдікке, қолда бар затты дұрыс пайдалана білуге,шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері:түсіндіру, практикалық сабақ, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс:математика, сызу, бейнелеу, тігін өндірісінің технологиясы, конструкция.
Сабақты жабдықтау құралдары: жұмысқорабы, бұйым бөлшектерінің пішімдері, дайын лекала, бор, қайшы,түйреуіштер,тігін машинасы, ине, жіп, мата
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», — дегенұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтанкем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары менкөрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат,дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлауқұрметтеудің көрінісі деп бағаланған.
Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысынатән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Қазақтың ұлткиімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүзүлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады.Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейдегеографиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді.— қоңыратүлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. Мұндай бөліп атау киімдердіңкеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерініңерекшеліктеріне қарай да ажыратылады.
Әйел киімдерінің де әраймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елініңбәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол,кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажаржағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Солардың ішінде қызкеліншектер арасында кеңінен тараған кәжекейге тоқталамыз бүгін.
Кәжекей дегеніміз-астары бар, жағасы кең ойылған, жеңсіз, етегі мен жағасы тастармен, оқа, күмістиындармен (сөлкебай) әшекейленетін әйелдердің жеңіл, жұқа киімі. Жағасыкеңірек ойылады да, жеңсіз болады. Аса ұзын емес, белден сәл ғана төмен түсіптұрады. Көбінісе барқыттан тігіледі. Оны астарлағанымен арасына жүн, мақтасалынбай ықшамдап тігіледі. Өңірі, жаға-жиегі және омырауы түрлі түсті зержіптермен кестеленеді немесе ою-өрнек салынады. Қыз-келіншектердің денесінеқонымды болып, тұлғасын ажарландырып тұрады. Кейбір түрік тілдерін зерттеушілер(Н. К. Дмитриев т. б.)«кезекей» сөзі башқұрт, татар тілдерінен енгендейді. Қазақ тілінде кәзекей, кежекей деп те қатарқолданыла береді.
Бұл біздің бүгінгішебер сыныпта тігіп көрсететін кәжекей үлгісі.
Ол үшін бізгемата, қайшы, дайын үлгі керек.
1.Алдыменматамызды алып түгін төмен қаратып 2 бүктеп жайып аламыз.
2. Дайын лекаланы матаның үстінежайғастырамыз
3.Үлгінің шетінен тігіске 1 см қалдырып бормен сызып шығамыз.
4. Қиылған бөлшектерді түгелдеп алдынғыбойда рельеф тігістерін тігіп шығамыз.
5. Одан кейіниық қиықтарын теңестіріп тігіп шығамыз.
6. Баскасын пішіпалып жан тігістерімен теңестіп машинамен тігіп шығамыз.
7. Өңір астарлығын тігіп дайын камзолды өзталғамымызға орай безендіреміз.