Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрлігі
Абай облысының Білім басқармасы
«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттікқазыналық кәсіпорын
|
«Келісілген» Колледж әдіскері ________ А.Б. Куандыкова «____»____________2022ж. |
«Бекітілген» Оқу жұмысы бойынша директордың орынбасарымен ________М.Т. Молдагалиева «____»____________2022ж. |
«Еңбек қорғау» пәні бойынша
Ашық сабақ
Тақырыбы: Электр қауіпсіздігі
Дайындаған: Елюбаева А.С.
Автомобильді механикалық пәндер(циклды) комиссиясымен құпталды
Комиссия төрағасы _______Исаев Ж.А.
Хаттама № « » ______ 2022ж.
Семей қаласы 2022/2023 оқу жылы
«Көлікколледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
(Білім беру ұйымының аты)
Техникалық және кәсіптік білімберу ұйымдары үшін мұғалімге арналған сабақ жоспары № 12
Электр қауіпсіздігі.
(сабақтың тақырыбы)
“ Еңбекті қорғау ”пәні бойынша
КМ 02 Бөлшектеу-құрастыру жұмыстарын орындау
(пәннің/модульдің атауы)
Дайындаған мұғалім ____Елюбаева АйжанСарсенгазыевна__________
«__26__» ______01_______ 20_23_ года
2. Сабақтың мақсаты:
— білімділік: білім алушыларды тоқтан зақымдану себептерімен, техника ережелеріментаныстыру, өндірісте электр қуатымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік; электртогының адам ағзасына әсерімен және ток соғу кезіндегі алғашқы көмекшараларымен таныстыру
— дамытушылық: ой-өрісін дамытуға, жеке жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, ақпараткөзімен жұмыс істей алуына, алған білімдерін топтастыра алуына мүмкіндік жасау
-тәрбиелік:саналытүрде тәртіпті және мінез-құлық нормаларын қалыптастыруға жағдайды қамтамасызету, жұмыс барысында тәртіпті қалыптастыруға бағытталған жағдайларды жасау, оқубарысында керекті дербес дағдыларға үйрету, сабаққа деген назары мен ынтасынкөтеру, ұжымда жұмыс істей алуға үйрету..-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.
3.Сабақтың жабдықталуы: мультимедия,презентация
Пәндербайланысы:Автокөліктердің электр жабдықтары, алғашқы медициналық көмек, өндірістік оқыту,ағылшын тілі
Қолданылатың технология:CLIL технологиясын қолдану, Арнайы пәндердіоқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологияларын зерттеу және қолдану
Сабақ типі:аралас
Сабақ көрнекіліктері: презентация, үлестірмематериал
Әдебиеттер:Жаданов Н. «Еңбек қорғау»
Сабақ құрылымы:
|
№ |
Сабақ құрылымының элементтері |
Уақыт |
|
І |
Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
|
ІІ |
Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру |
5 мин |
|
III |
Үй жұмысын тексеру |
15 мин |
|
ІV |
Жаңа тақырыппен таныстыру |
45 мин |
|
V |
Бекіту |
15 мин |
|
VІ Представленная информация была полезной? ДА 63.03% НЕТ 36.97% Проголосовало: 2083 |
Үй тапсырмасы |
3 мин |
|
VІІ |
Сабақ қорытындысын шығару |
5мин |
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, сабаққа қатысушыларды тексеру, киімүлгісін тексеру, журнал толтыру
ІІ Сабақтын презентациясы. Сабақтың мақсатымен таныстыру.Сабақтың тақырыбынвидеоматериал арқылы оқушылар өздігінен табады: https://youtu.be/3LX2Rm_KF2g , оқушыларды сабақ барысымен таныстыру. Сабақтыңмақсаты: жаңа тақырыпты оқу барысында оқушылар міндетті: электрқауіпсіздігі, электр жабдықтарымен жұмыс жасаған уақытты техникақауіпсіздікережаларімен танысу, алғашқы көмек туралыақпарат алу. Бірақ, ең алдымен өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауапберейік.
III Үй жұмысын тексеру:
Үй тапсырмасын тексеру «Барабан әдісі» арқылы жүзеге асады. Барабандаоқушылар тізімі жазыған, барабанды айналдыру арқылы оқушылар кезекпен сұраққажауап береді. Сұрақтар тізімі:
1. Қауіпсіздіктехникасы деген не?
2. Өндірістегітехника қауіпсізді жөніндегі нұсқаулықтарды ата
3. Еңбектіқорғау бойынша нұсқама жүргізілетін бағдарлама қандай құжаттарға негізделіпжасалады?
4. Кіріспенұсқаулық деген не?
5. Бастапқынұсқаулық қай кезде оқылады?
6. Қайтаоқылатын нұсқаулық деген не?
7. Жоспардыңтыс нұсқаулық қай уақытта оқылады?
8. Мақсаттынұсқаулық деген не?
9. Нұсқаулықсөзінің ағылшынша баламасы қандай?
10. Safetyprecautions деген не?
ІV Жаңа тақырыппентаныстыру:
Ең алдымен бүгінгісабақта қолданатын терминдермен танысайық :
1. Электқауіпсіздігі — Electrical safety
2. Электрліккүйік — Electric burn
3. Электртоғы — Electric current
4. Электжабдық — Electrical equipment
5. Кернеу- voltage
Электрқауіпсіздігі-адамдарды электртогының,электр доғасының,электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдіңзиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру–техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі.
Жалпы электрқауіпсіздігіне байланысты өндіріс 3 топқа бөлінеді:
• 1. Электр қауіптілігі жоқ бөлмелер
• 2. Қауіпсіздігі жоғары бөлмелер
• 3. Қауіпсіздігі өте жоғары бөлмелер
1-шітопқа жататын бөлмелер-едендеріток өткізбейтін және ток өткізетін темір бұйымдары жоқ бөлмелер,бұган әкімшілікбөлімшелер,тұрмыстық үйлер жатады.
2-шіжәне 3-ші топқа жататын бөлмелер-құрғақ,салқын,шаң тозаңы көп бөлмелер.Бұл бөлмелерге насостыстанциялар,транспортты станциялар,электр станциялары жатады.
Электрқауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:
• 1. Жалпы қорғаныс бұйымдары
• 2. Жеке қорғаныс бұйымдары
Жалпықорғаныс бұйымдарына: қорғаныс штанглері,электр тогын,кернеуін өлшейтінприборлар,қолғаптар,төсеніштер,қоршау бұйымдары
Жеке қорғаныс бұйымдарына :очки , каска ,противогаз, белбеу жатады.
Электртоғының адам организміне әсері
Адам ток ұрғандаТермиялық. Электролиттік, Биологиялық әсер етеді:
Тоқтынтермиялық әсері-денетерісін әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуыменбайланысты.
Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа дасұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.
Биологиялықәсері-ағзаныңтірі жасушаларының қызуы нәтижесынде, адам буындары тартылып, журек, өкпеқысылады, нәтижесынде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды,тіпті олар жұмысын тоқтатуы дамүмкін.
Күйік төртдәрежеде сипаталады:
I — терінің қызаруы;
II — түрі бетінде ұсақ көпіршіктердің пайда болуы;
III – терінің барлық қабаттарының жансыздануы;
IV – клекткалардың өлуі.
Организмніңжарақаттану ауырлығы – күйіктің дәрежесін байланысты емес, оның тері бетініңкөмегімен сипатталады.
— Жеке қорғанысқұралдары:
Бұл электрқұралдарымен жұмыс жасайтын қызыметкерлердің электр тоқпен зақымдануынанқорғайтын құралдарын айтамыз.
Олар 3түрге бөлінеді.
1. Изоляциялауқұралдары.
2. Қорғауқұралдары.
3. Көмекшіқұралдары.
Алғашқы көмек көрсету. 2-4 оқушыны тақтаға шығару арқылы көрнекілікқұралдарын пайдаланып, алғашқы көмек көрсету амалдарын түсіндіру
Еңалдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымысоққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмеккөрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек.
Ток келіп тұрғанкөзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып,көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матаменұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғаназақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқада тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағашзатпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) .
Жүрегі, тынысытоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылысусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағыпнемесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды.
Егер тынысытоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқыкөмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж,«ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру).
Сонымен біргешұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегізақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30—40 минут өткен соңда ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып,денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан,дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет.
Электр тогынанзақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электрразрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керекдеген ел арасындағы соқыр сенім — зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілгенорганизм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады,жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.
V Бекіту:
«Ұяшық әдісі» арқылы сұрақтарғажауап беру
1. Электртогынан қорғану жолдары қандай?
2. Электртогы адам ағзасына қалай әсер етеді?
3. Электрқондырғыларын жерге тұйықтаудың қандай пайдасы бар?
4. Бағыттаушыбелгілер дегеніміз не?
5. Электрліктоғы сөзінің ағылшынша баламасы қандай?
6. Жарақаттанудың неше түры бар?
7. Күйікнеше дәрежеде сипаталады?
8. Организмніңжарақаттану ауырлығы?
9. Тоқөту жолдары?
10. Электрлікжарақатының себептері?
11. Электртоқпен зақымдануынан қорғайтын құралдары?
12. Алғашқыкөмек көрсету қандай?
VІ Үй тапсырмасы:
Конспектіні мазмұндау, қазақша-ағылшынша сөздерді жаттау.
VІІСабақ қорытындысын шығару
Пәннің жалпы мақсаттарын қайталау, оқушылардың сұрақтарына жауап беру. Сабаққабелсенді қатысқан студенттерді атап өту.
Пән оқытушысының қолы: _______________________А.С. Елюбаева