Психологиялық-педагогикалыққолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттіккөрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
«Алматыоблысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ ауданының«№ 8 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттікмекемесі ұйымдыққұқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емесмекеме болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Алматыоблысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 маусымдағы №147 қаулысымен құрылған.
Коммуналдықмемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін арнайытүзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асырып,психологиялық-педагогикалық көмекті ерекше білім беруге қажеттілігі бар:
1) көруқабілеті бұзылған;
2) естуқабілеті бұзылған;
3) сөйлеутілінің бұзылыстары бар;
4) сөйлеутілінің дамуы тежелген;
5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;
6) зердебұзылыстары бар;
7) психикалық даму тежелген;
8)эмоциялық- ерік әрекетінде және мінез- құлқында бұзылыстары бар балаларға көрсетеді.
Психологиялық-педагогикалықтүзеу кабинеті- бұл ерекше білім беруді қажет ететін бала және оның отбасы дефектолог,психолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы (емдік дене шынықтыру нұсқаушысы), әлеуметтікпедагог, музыкалық ырғақ маманы, тәрбиеші сияқты мамандардан білікті көмекала алатын арнайы білім беру ұйымы.
Дамуындапроблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтікбейімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы Мемлекеттіккөрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 27мамырдағы 223 бұйрығының 2- қосымшасы сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшінқажетті құжаттар тізбесі:
1) психологиялық– медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы.
1) көрсетілетінқызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші.
Мемлекеттік қызметкөрсету нысаны:
1) қағаз түрінде
2) электрондық
Көрсетілетінқызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталарқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Алматы облысыбілім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы № 8 психологиялық-педагогикалықтүзеу кабинеті КММ Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сәйкес демалысжәне мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жұмыс істейді.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру сағат 09.00-ден 17.30-ға дейінгіуақытта жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін .Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы телефон арқылы немесе тікелейжүгінген кезде алдын ала жазылуы да қарастырылған.
Орналасқан мекен-жайы: Шелек ауылы , Кабылов көшесі 2үй.
Байланыс телефоны:8 (72776) 2-18-81
Алматы облысыбілім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы № 8 психологиялық-педагогикалықтүзеу кабинеті КММ басшысы Орынтаева Жанар Кыдыржанқызы
