X-PDF

Разговоры о важном

Поделиться статьей

Бекітемін

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:     _________ Шукирова З.С.

                                                                                                      _________ Махамбетова Ж.С.

 

Тақырыбы: «Математика әлемінде» 

Күні: 01.12.2022 ж, уақыты 13.00

Пән мұғалімі: Бакытова Назым Аккалиевна

Өтілетін орны: Д-31

Қатысатынсыныптар: 5 «Б, В, Г, Д»
Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс.
Мақсаты: 

— оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру,математикалық ойлауын тереңдету;

— оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

— ойлау қабілеттерін, таным белсенділігін, логикалық ойлауқабілеттерін дамыту;

— функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, есептер жазылған үлестірмелі қағаздар, сәттілік дөңгелегі.

Пәнаралықбайланыс:қазақ тілі және әдебиеті, жаратылыстану, тарих.

Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі

·                  Оқушылармен амандасу, түгендеу.

·                  Оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу.

·                  Сайыстың жоспарымен таныстыру.

 

Жоспары:

1. Таныстыру

2. Ширату (суретпен жасырылғансандық мақалдарды табады)

3. Ғажайыптар алаңы (топ қатысушылары барабанды айналдырып, ұпайына сайсұраққа жауап береді)

4. Бәйге  (топтарға quizziz қосымшасы арқылы бірдей сұрақтарқойылады)

5. Ми жаттығуы(фигураны бірнеше тәсілмен тең бөліктерге бөледі)

 

І. Мұғалімсөзі:

Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар!

Айтаройын тұспалдар.

Білімніңсусындатқан теңізінен,

Нәрберген жүрекке жылы лебізімен.

Бүгін біз метматиканың жұмбақты да тартымды әлемінің қызықты әрісан түрлі екендігіне көз жеткізу үшін, «Математика әлемінде» атты көңілдітапқырлар сайысын бастаймыз. Сайысқа қатысушы топтарды таныстырып, олардыортаға шақырайық.

Кітапалып қолына,

Берілгенғылым жолына,

Есептішешу түк емес,

«Натуралсандар» мен «Жай бөлшектер» тобына – дей келе 5 сыныптың құрама топтарын ортағашақырайық.

Жиналғанылғи дарындар,

Жүректеот, көздерінде жалын бар.

«Аралассандар» тобын халайық

Қолсоғып қарсы алайық – ортаға «Арала сандар» тобын ортаға шақырайық.

 

 

Махмуда,Назым, Абдурахман, Дидар  – «Натуралсандар» тобы.

Ерсултан,Диас, Аягоз, Оркен –«Жай бөлшектер» тобы

Аяулым,Карина, Адильжан, Мирас– «Аралас сандар» тобы

 

Шын жүрек шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың білімі мен тапқырлығын бағаларқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. Математика және физика пән бірлестігінің жетекшісі, математикапәні мұғалімі педагог-сарапшы Кожабергенова Рая .

2. Педагогика ғылымдарының магистрі Абдибаева ГулжанатОнгаргановна.

3.Математика пәні мұғалімі педагог-сарапшы Серикбаева Камшат Абдимажитовна

 

Тақтадан  бүгінгі  кештің  жоспарымен танысболайық:

1.  Таныстыру

2.  Ширату

3.  Таңғажайыптар алаңы

4.  Бәйге

5.  Ми жаттығуы

 

І.Таныстыру

Топтыңатын, ұранын қорғау 100 ұпай бағаланады. Сахна төріне «____________________»құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.

Келесі«____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.

 «Натурал сандар» тобы:   Бір Аллаға сыйынып

                                               Кел, балалар,оқылық,

 «Жай бөлшектер» тобы:  Тартысайық сайыста күш жігермен

                                              Аяқтайық қимас бір дос көңілмен.

«Аралас сандар» тобы:   Жарыс десе жанамыз,

                                            Бүгінгі күн сайыста алғырлықпен озамыз.

 

ІІ. Ширату

Мәңгі бақи есте қалар, 
Қызықты бір жиын болсын 
Білімдірек шәкірт озар, 
Сұрақтары қиын болсын,- дей отырыпсайысымызды бастайық.

 «Ширату» сайысы. (тақтадан суретпен жасырылған мақалдар әр командаға 3мақалдан беріледі, шапшаң жауап беру керек)

Әрдұрыс жауапқа 100 ұпай

 

1.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

 2.Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екіжақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Жүзсомың болғанша, (жүз досың болсын)

5.Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

6.Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

7. Біркісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

8. Елуердің жасы, (алпыс ел ағасы)

9.Айдағаның бес ешкі, (ысқырығың жер жарады)

 

ІІІ.  «Ғажайыптар алаңы».  
Балалар, жарайсыңдар! 1-кезеңді өте тартысты аяқтадық. Осындай белсенділікпенкелесі сайысымыз «Ғажайыптар алаңы» ойынын ойнаймыз.

Бұлкезеңде топ басшылары жарысады, барабанды айналдырып, ұпайына сәйкес сұраққажауап береді. Әр топ басшысы 2 рет айналдырады.

500 ұпайсұрақтары:

1. Дәреженіңанықтамасы?

(Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні дәреже депатайды)

2. 2-гебөлінбейтін сандар не деп аталады?

(Тақ сандар)

3. Алымдарыбірдей бөлшектер қалай салыстырылады?

(Қайбөлшектің бөлімі үлкен болса , сол бөлшек кіші, қай бөлшектің алымы кіші болса,сол бөлшек үлкен)        

4. Натуралсан дегеніміз қандай сандар?

(Санаудақолданылатын сандар)

5. 34неге тең?     (81)

1000 ұпайсұрақтары:

1. МағжанАсеттен 10 жыл бұрын туылды. Асет 2006 жылы 10-ға толса, Мағжан қай жылытуылды?         (1986 жылы)

2. 24санының бөлгіштерін атаңыз:                (

3. Барлықсандарға қалдықсыз бөлінетін санды атаңыз:         (0)

4. 3 жылқы90 км қашықтыққа шапқан болса, әр жылқы неше км шабады? (90 км)

5. Нанды үшбөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2 рет)

2000 ұпайсұрақтары:

1. Қандай екісанның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (2+2)

2. Кешеменің досым жаңбырға түсті. Ол өзімен бірге бас киім де, қолшатыр да алмаған.Жаңбырдан жасырынатын жер болмады. Ол үйге келгенде, үсті-басы бәрі су болған,бірақ оның басындағы бірде-бір шаш суланбады. Неліктен? (себебі шашы жоқ)

3. Ең кішіжай сан?   (2)

4.  Қанша қалтам?

Өзімдебар сан қалта

Артжағымда қос қалта

Жейдедеекі төс қалта

Пиджактаекі іш қалта

Біртөс қалта және бар

Сондаесепте, кәне ал,

Меніңқанша қалтам бар?

Тағыайтпақшы пальтом бар

Ондада төрт қалтам бар?              (12)

5. Бесбұтақты ағашта

Бұтақсайын бес алма.

Біреуінбер алашқа

Қаладысонда қанша алма.           /24/      

5000ұпай сұрақтары:

1.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

2.Нәрселерді санағанда

Керекол бізге ауадай.

Айтындаршыбұл қандай сан,

Жан-жағынақарамай?                                     (натурал сан)

3.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5 бұрыш)

4.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағықанша?(3 кг)

5. 12жылдың мүшел аттарын ата?(тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,тауық,ит, доңыз)

 

IV.  «Бәйге». 

Бұл турда, экранда берілген сұрақтарға қолдарыңызда тұрғанпланшет арқылы шапшаң жауап берулеріңіз керек.

1. Кему ретімен жазыңыз:

2. 152қаншаға тең? (225)

3. 2+3×6÷3

4.Салыстыр:

5.Сәйкестендір

  

6. Үшсызықтан пайда болған фигура (үшбұрыш)

7. Қабырғасы 5 смболатын шаршының ауданын тап? (25)

8. Бес бұтақты ағашта

Бұтақсайын бес алма.

Біреуінбер алашқа

Қаладысонда қанша алма.           /24/

 

V. «Ми жаттығуы»
Квадратты бірнеше жолмен екі тең бөлікке бөліңіз, кесілген сызық ұяшықтардың қабырғаларынанөтуі керек. (5мин)

Қатысушыларғамиллиметровкаға сызу тапсырылады.

Әр дұрыс жауапқа500 ұпайдан.

http://uo-prohladny.narod.ru/uchstranica/borshev/brv1.jpg

Қатысушыларөз жұмыстарын әділ-қазыларға көрсетеді.

Жарайсыңдар,балалар, бүгінгі сайыста өте белсенді атсалысқандарыңыз үшін рақмет!

Ал,ендеше, әділ-қазылар алқасы өз шешімдерін анықтағанша, біз көрермендермен есепшығарайық.

 

Жанкүйерлергесұрақтар:

1-тапсырма:

Тіктөртбұрышпішінді хауыздың (бассейннің) маңайына серуендеп жүруге суреттке көрсетілгендейетіп жол салынды. Осы жолдың ауданын табыңдар.

  Шешуі: 1030 м2

 

2-тапсырма:

Тоқаштыдайындау үшін алынған 450 грамм азық-түліктердің (ұн, ашытқы, қант) қатынасы37:1:7 қатынасындай. Азық-түліктің әр түрінен қанша грамм алынды?

Шешуі: барлық бөліктер саны: 37+1+7=45

1 бөлік: 450:45=10 г-ға тең

Жауабы: ұн 3710г=370г, ашытқы 110г=10г, қант  710г=70г.

3-тапсырма:

Екі сөреде барлығы 94 кітап бар. Бірінші сөреден екіншісөреге 5 кітапты ауыстырып қойғанда, екі сөредегі кітаптар саны бірдей болады.

Сұрақ: Бастапқыдаәр сөреде қанша кітаптан болған?

Жауабы: 52 кітап;42 кітап.

 

Қорытынды.

Қатысушыларды марапаттап, сыйлықтарын табыстаймыз

 

Ең бастысы орын емес жарыста

Атсалысып қатысып, терең білім алу шарты сайыстың

Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз

Өмірде де жетерсіңдер хақ, табысқа

Құрметті ұстаздар, көрермен қауым және тікелей осы сайысқақатысушылар! Бүгінгі «Математика әлемінде»  атты сайысысымызға қатысқандарыңызға рақмет. «Сау болыңыздар!».


Қызылорда облысының білім басқармасыныңҚармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №277 мектеп-лицейі коммуналдықмемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

Математикаәлемінде

 

 

 

 

 

 

 

Пәнмұғалімі: Бакытова Н.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022жыл


Поделиться статьей

Электроэнергетика 9 класс презентация

Поделиться статьей

Поделиться статьей Описание презентации по отдельным слайдам: 1 слайд Электроэнергетика 2 слайд ТЭС Основное сырье: Уголь, газ, мазут, сланцевый газ


Поделиться статьей

Разговоры о важном

Поделиться статьей

Поделиться статьей Описание презентации по отдельным слайдам: 1 слайд 2 слайд «Готов к труду и обороне СССР» (ГТО) программа физкультурной


Поделиться статьей

Электроэнергетика 9 класс презентация

Поделиться статьей

Поделиться статьей Описание презентации по отдельным слайдам: 1 слайд Электроэнергетика 2 слайд ТЭС Основное сырье: Уголь, газ, мазут, сланцевый газ


Поделиться статьей