X-PDF

Сценарий Аты аңызға айналған Роза Бағланова

Поделиться статьей

Тақырыбы:«Аты аңызға айналған Роза Бағланова» атты ән байқауы

Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағлановаөмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру

Ұлтымыздың вокалдіоркестрінің қайраткерлер өмірімен таныс болу

Музыкалықбілімдерін,ән орындауға дағдыландыру

1-жүргізуші: «Атыаңызға айналған Роза Бағланова» атты қазақтың біртуар өнериесі , күміс көмей әншісі Роза Бағлановаға арналған әдеби-сазды кешіне қошкелдіңіздер. Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Халық Қаһарманы,КСРО Халық әртісі 2011-ші жылдың ақпан айында дүние салды. Өмірінің соңынадейін сахнадан түспеген аяулы әншінің соңында әуелеген әнімен, сыңғырлаған үніқалды. Сахна саңлағының сандуғаш үнін тыңдауға асыққан ағайын әлі де көп.

2-жүргізуші:Роза Бағланова қазақ әндерімен қатар орыс, өзбек, тәжік, қырғыз, поляк, венгр,қытай, моңгол, үнді халықтарының әндерін жоғары деңгейде орындаған әншіболатын.

РозаТәжібайқызының репертуары тек куанышты және патриоттық әндермен тұратын.Бірде-бір рет күрең дауыспен ән айтқанын естіген емеспіз.

РозаБағланова дегенде « Ах, Самара городок» әнін сөз етпей тұра алмаймыз.Әншініңтөлқұжатына айналған әндерінің арасында орны ерекше осы бір орыс халқының әніекі ұлттың арасында салынған көпірдей көрінеді.

1-жүргізуші: Күміскөмейәнші, Халық Қаһарманы, Тарлан сыйлығының иегері, шетелдіктердің өзі қазақтыңқызғалдақ гүліне теңеген ерекше жаратылыстағы сұлу Роза Бағланова 1922 жылдың 1қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Кіші жүздіңЖағалбайлы руынан.

2-жүргізуші: Мектеп бітірген соң 1939 жылы Роза Қызылорда педагогикаинститутына түседі, бірақ кенеттен әкесі қайтыс болып, туыстарды жағалап,тұрмыстық жағдайға байланысты сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауысады.Әншінің бойжеткен шағы ашаршылық пен аласапыран жылдарға дөп келеді.Ташкентте жүргенде оның ерекше дауысы бірден көзге түседі.

«Р.Бағлановатуралы видио»  көрсету.

ӘН:

1-жүргізуші: Роза Бағланова 1946 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрадаәншілерінің ІІ-конкурсының дипломанты, 1949 жылы Бухаресте өткен Жастар менстуденттердің ІІ-Бүкілдүниежүзілік фестивалінің лауреаты атанды. Осында КСРОелінің атағын асырып,  Ах, Самара-городок әнін айтып, РозаБағланова бас бәйгені қанжығалайды. Осы сапардан оралғанда ол өзін Сталиншақыртып жатқанын естиді. Жалпы, ол кісінің қабылдауында әнші үш рет болыпты.

ӘН:

2-жүргізуші: Роза Бағланова шетелді көп аралаған КСРО әншісі. Мұндай мүмкіндікол кезде көп әншінің бағына бұйыра бермейтін. Сондықтан оған қызғана қарағанәріптестері көп болған. Ол АҚШ, бүкіл Еуропаны аралап, концерт берген. Мысалы,бір 1957 жылы гастрольдік сапармен Венгрия, Германия, Қытай, Польша,Чехословакия, Ауғанстан, Үндістан, Австрия, Бельгия, Бирма, Швеция, Канадасынды елдерде болған. Тіпті Елизавета патшайымның алдында ән шырқаған.Сталиннің жеке қабылдауында үш рет концерт берген. Сахнадағы сұлу қыз ерекшедауысы мен үстіндегі ұлттық киімімен елдің жүрегін баураған. Иә, ол өзтаңдауымен киім тіктіртіп киген, онда да қазақтың ұлттық киімін.

ӘН:

1-жүргізуші :Ал Елизавета патшайым гастрольдеп барған орыс қыздарын көзгеілмепті, бірден тікесінен Бағлановаға қарай тартыпты. Қасына келгенде:Қазақ әйелдерінің киген киіміне қарап-ақ олардың қандай халық болғанынтануға болады. Бұл киім байлық пен талғамды аңғартады, — депті.

ӘН:

2-жүргізуші: Сол ансамбльмен Роза Бағланова Ұлы Отан соғысы жылдары майдандыаралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертінеқатысады. Бірақ ол барлық концертте Өзбекстан атынан шығып жүреді. Бір күніӨзбекстандағы керемет әнші қазақ қызы туралы Жұбан Молдағалиев естиді.

1-жүргізуші :Роза Бағланованың Отанына оралуына тікелей себепші болған осыкісі. Ол кезде Жұбан Молдағалиев Москвада Жоғарғы партия мектебінде оқыпжүрген. Қазақ ақынының қолдауымен 1949 жылы Роза Бағланова елге оралады. Оданкейін де әкесіндей боп, қызға қамқорлық танытып отырған. Будапештте өткен әнжарысына да Розаны ілестіруге Жұбан Молдағалиев тікелей атсалысады.

ВИДИО: «Қазақстанға оралу»

ӘН:

2-жүргізуші: Роза Бағланова 1947 – 1949 жылдары Абай атындағы Қазақ опера жәнебалет театрының әншісі, 1949 – 1960 жылдары Жамбыл атындағы республикалықфилармониясының солисі болды. 1960 жылдан бастап Қазақконцерттіңәнші-солисі, жетекші сахна шебері болып қызмет етті.

Расында Роза Бағланованың сұлулығына еліткен бір Хрущев емес,олардың қатарында шетелдің мемлекет басшылары, маршалдар, генералдар, хатшылар,колхоз председательдері, совхоз директорлары, шахтерлар, қарапайым азаматтар даболған.

ӘН:

1-жүргізуші :Көп ғашық болған қыздың үстіндегі киімдерді әнші ОрталықКомитеттің тапсырмасымен арнаулы шеберлерге тіктірген. Бірақ түсін, үлгісінРоза Бағланованың өзі таңдап отырған.

ӘН:

2-жүргізуші: Роза Бағланова майдан шебінде қойған концерттерінің құрметінеЖауынгерлік ерлігі үшін медалімен, үздік еңбек және шығармашылыққызметті екі Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы,Құрмет белгісі және Отан ордендерімен марапатталды.Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атанды.

ӘН:

1-жүргізуші :Әншінің ұзақ жылдық еңбегі Тарлан қоғамдық жәнеДәнекер Халықаралық сыйлығымен аталып өтті. Елбасы НұрсұлтанНазарбаевтың мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды қолдауқорының президенттік стипендиясын табыс еткен мәдениет қайраткерлерініңтізімінде Роза Бағланованың да есімі бар.

ӘН:

1-жүргізуші :Роза Бағланова екі рет тұрмыста болған. Бірінші күйеуі Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровпен жеті жыл отасты. Екінші жұбайыСатыбалды Жатбаевпен он жылға жуық тұрған. Роза Бағланова 47 жасында ұлдыболып, есімін Тәжен деп қояды. Келіні – Марал, немерелері – Ақерке, Тәжібай,Үрбибі.

ВИДИО «Ұрпақ жалғастығы»

ӘН:

2-жүргізуші Есімі халық есінде мәңгі сақталып, төл өнердіңмаңдайалды майталманы атанды. Сол себептен аңызға айналған қазақтың бұлбұләншісін ұлықтап, есімін күллі әлемге танытуымыз қажет. Елі үшін еңбек еткен жанқұрметке бөленуі, есімі еленуі керек.

1-жүргізуші :Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «Аты аңызғаайналған Роза Бағланова» атты ән байқауы өз мәресіне жетті. Келесі кездескеншесау саламатта болыңыздар.


Поделиться статьей

Электроэнергетика 9 класс презентация

Поделиться статьей

Поделиться статьей Описание презентации по отдельным слайдам: 1 слайд Электроэнергетика 2 слайд ТЭС Основное сырье: Уголь, газ, мазут, сланцевый газ


Поделиться статьей

Разговоры о важном

Поделиться статьей

Поделиться статьей Описание презентации по отдельным слайдам: 1 слайд 2 слайд «Готов к труду и обороне СССР» (ГТО) программа физкультурной


Поделиться статьей

Электроэнергетика 9 класс презентация

Поделиться статьей

Поделиться статьей Описание презентации по отдельным слайдам: 1 слайд Электроэнергетика 2 слайд ТЭС Основное сырье: Уголь, газ, мазут, сланцевый газ


Поделиться статьей