Описание презентации по отдельным слайдам:
-
1 слайд
Жалпы қауіпсіздік
ережелері -
2 слайд
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды -
3 слайд
Кіріспе:
Қауіпсіздік – адамның кез келген іс-әрекетінің, оның ішінде еңбек қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызмет түрі.
Қауіпсіздік шаралары – қауіпті өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін болдырмайтын ұйымдастыру шараларының, техникалық құралдары мен әдістерінің жүйесі.
-
4 слайд
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері
Көптеген адамдар күнінің 8 сағатын жұмыста, компьютер алдында өткізеді. Кей қызметкерлер жұмыстан кетерде жеке компьютерін сөндіруді ұмытып кетеді. Егер кеңседе 1 сағаттан көп болмасаңыз, компьютерді өшіріп кеткен дұрыс. -
5 слайд
Үй ішіндегі қауіпсіздік ережелері
Адам өміріне айрықша қауіп төндіретін жағдайлар көбіне электр құралдарын электр желісінен ажыратпау салдарынан болады. Күндіз ток көзіне қосылған телефон қараусыз қалатын жағдайлар да жиі кездеседі. Ондай кезде үйдегі кішкентай бала не ит-мысық оны тістелеп, оларды ток соғуы мүмкін. Сондықтан, қуаттағыш құралдарды электр тоғынан ажыратып жүрген абзал.
-
6 слайд
Үй ішіндегі қауіпсіздік ережелерін елемегендіктен, жиі қайталанатын трагедияның бірі – балалардың терезеден құлап кетуі. Осындай жағдайды болдырмаудың жолдары да қарапайым.
Ең бірінші, бала ешқашан қараусыз қалмауы тиіс. Егер күні бойы қалт жібермей, аңдып отырғанның өзінде, баланың шектен тыс белсенділігінен қорықсаңыз, терезеге арнайы құлып салуға болады. Сонымен қатар, бүгінде терезенің толықтай ашылуына мүмкіндік бермейтін құралдар да ата-аналар арасында үлкен сұранысқа ие. Бұдан бөлек, терезеге темір тор орнатуға болады. Бала қай қабаттан құласа да, қатты зақым алады. Сондықтан, екінші қабаттағы пәтерлерге де темір тор орнату артықтық етпейді. -
7 слайд
Қала ішінде серуендеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Қала көшелерінде бағдаршам жанында тура көліктерге тақалып тұратын жолаушыларды жиі байқауға болады. Мұндай жаяу жүргіншілердің бағдаршамның жасыл түсі жанғанша жолдан бірнеше метр алыстау тұрғаны абзал. Тіпті жасыл түс жанғанның өзінде, көліктердің тоқтағанына көз жеткізіп барып, жолдан өткен жөн. Сонымен қатар, көпір не жерасты өткелін пайдаланбай, жолды кез келген жерден кесіп өте салатын жолаушылар өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді. -
8 слайд
,,,
,
,,
,,
,,
РЕБУС -
9 слайд
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. -
10 слайд
Қорытынды
Қорытындылай айтқанды тағыда бір ескеруге тұрарлық ережелердің бірі сауда орталығына, концерт залына, жалпы, көпшілік жиналатын жерге барғанда алдыңыздан шығады. Өрт болған кезде лифт пен эскалаторлар істемейтіні белгілі. Сондықтан, адамдар барған ғимаратының эвакуациялық жоспарына мән бере жүргені жөн. Төтенше жағдай бола қалған күнде сыртқа қай есік арқылы шығуды білесіз.
-
11 слайд