«Текелі кәсіптік колледжі» МҚКК
«Тіл –адамның жұмсайтын қаруының бірі»
Дайындаған: қазақтілі және әдебиет
пәнінің мұғалімі
Баймұрза НұргүлНұрахметқызы
Адамсанасындағы әлем туралы түсінік, пайым тіл болмысы негізінде сыртқа шығып,тілдік бірліктер арқылы бейнеленеді. Тіл адамға таным және қарым-қатынас құралыретінде қызмет етеді. Тілдегі таным теориясының ғылыми негізін дамытуда А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С. Аманжоловтың әлемнің тілдік бейнесі сипатындағыкөзқарастарының маңызы зор.
XXғасырдың 60-жылдарында әлем бейнесі тіл мен миф, дін, фольклор, поэзия, кино, сурет, сәулет өнерін модельдеуші жүйелермен бірлестіктесемиотиканың шеңберінде қарастырыла бастады. Гуманитарлы ғылымдарда «әлембейнесі» термині ең алғаш 1922 жылы Л.Витгенштейн еңбектерінде пайда болды.Тілдік формада бекітілген әлем туралы білімдердің жиынтығы әртүрлі тұжырымдардатүрліше аталды: «әлемнің тілдік репрезентациясы», «әлемнің тілдік моделі»,«әлемнің тілдік бейнесі», «концептуалды жүйе», «индивидуалды-концептуалды жүйе»т.б. Осылардың ішінде «әлем бейнесі» термині кең тарады. Әлемнің тілдікбейнесі туралы алғашқы идеялар ХIX ғасырда өмір сүрген неміс ойшылы В.фонГумбольдттің «тілде халықтың рухы бар» деген пікірімен, А.Байтұрсынұлының: «Һәржұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде десондай басқалық болады»- деген пайымдауы үндеседі. А.Байтұрсынұлы әр тілде солтілді қолданушы халықтың қасиеті, ділі, тарихы сақталатындығын көрсетеді. Әрұлт тілінде, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік деректер арқылытаңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, адамдар санасындағы дүниеніңлогикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағыұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына әсер етеді.Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін құраса, әлемніңтілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып-білуге болады. Ғалым Э.Д.Сүлейменованыңпікірі бойынша, ғаламның тілдік бейнесі, көбінесе, «түрлі дүниетаным мәселесіретінде қаралады. Бүгінгі таңда әлемнің тілдік бейнесі ұғымында екі түрлі сипатбар. Оның біріншісінің нақты тілдерге және олардың арасындағы айырмашылықтарғақатысы жоқ болса, екіншісі нақты ұлт тілдерінің қатысуымен қалыптасқанлексикалық аталымдар жүйесі тәрізді тілдер арасындағы айырмашылықтарға бағыт –бағдар жасаушы әлемнің тілдік бейнесімен байланысты». А.Байтұрсынұлы еңбектерінде тіл әлеуметтің,қоғамның бейнесін көрсету тұрғысынан да сараланады. Ол «Тіл – құрал» немесетіл-адамның … жұмсайтын қаруының бірі» -деп, тілдің қарым-қатынастық қызметінқоғаммен байланыстырып, «Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуденқалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жазаалмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді» -деп, тілдің қоғамдық сипатының мәнісін түсіндіреді. Бүгінгікүні таным теориясын зерделеуде терминология мәселесін қарастырудың маңызыерекше. Себебі белгілі бір ғылымға қатысты терминдер сол тілдің танымдықдеңгейін, әр түрлі салаларға қатысты ұғым- түсініктерді кәсіби жағынанбелгілейді. Осы тұрғыдан келгенде, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,С.Аманжоловтың термин жасаудағы танымға қатысты түйіндіпікірлерін атап көрсеткен жөн.Осы орайда, қазақ терминологиясының негізінқалаушы А. Байтұрсынұлы жайлы академик Рабиға Сыздық: «Ахмет Байтұрсынұлыныңоқу-ағарту ісі мен ғылым білім саласында істеген қызметі тарихымызда теңдесіжоқ феномендік құбылыс болды»-деп, ғалымның қазақ тіл біліміне қосқан үлесін,еңбектерін, енгізген терминдерінің маңыздылығын жоғары бағалайды. Сонымен таным теориясының ғылыми негіздерін айқындаудаА.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінің орны ерекше. Ғалымдар қазақтілінің құрылымдық сипатын қалыптастырып қоймай, бүгінгі күні жаңа бағыттазерттеліп жүрген тілдің танымдық қызметіне байланысты, тіл арқылы адамды, оныңқұндылықтарын тану және танытуға арналған құнды ғылыми мұра қалдырған. Көрнектіғалымның осы танымдық көзқарастары мен пікірлері тілдегі таным теориясыныңбасты ұғымдары мен ұстанымдарын айқындауға жол ашады. Сонымен жоғарыда айтылғанпікірлер мен талдаулардың барлығы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтыңтермин жасауда тілдің танымдық болмысына да аса мән бергендігін дәйектейді.А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінде таным теориясының келесі біререкшелігі – тіл мен мәдениет тұтастығын бірлікте қарастыра отырып, адамзатболмысын терең білуге ұмтылуы. Тілтаным тіл мен мәдениет тұтастығына ерекшемән бере келіп, тіл арқылы ұлттың, халықтың мәдениетін танып зерделеугемүмкіндік береді.Тілді қоршаған әлеммен, адамдық факторлармен сабақтастыразерделеу тіл арқылы адам болмысын тануға жетелейді. Тілдің табиғатын адамныңмәдени, рухани, әлеуметтік, психологиялық болмысымен ұштастыра отырып талдау,халқымыздың ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарын терең түсінуге жол ашады.Демек,, тіл болмысы арқылы адамдық факторларды, соның ішінде сол тілдіқолданушы халықтың мәдениеттін зерттеудің мән маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ахмет Байтұрсынұлы – «Тіл-құрал» Астана2009ж